«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша студенттер арасында студенттік пәндік олимпиада өткізіледі
ХАБАРЛАМА
2015 жылдың сәуір айының 14 және 15 жұлдызында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университеті «5В074800-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша студенттер арасында ІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізеді.
Олимпиаданың өтетін орны: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, № 2 корпус (Фармация институты), Төле би көшесі, 88, Алматы қаласы.
Қатысуға шақырылады: «5В074800-Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығында оқитын жоғарғы курстардың студенттері. Олимпиада Республикалық пәндік олимпиадалар шеңберінде болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін анықтау мақсатымен өткізіледі.Олимпиадаға оргкомитетке уақытысында мәлімдеме берген командалар қатысады. Әрбір жоғары оқу орны 5 адамнан артық жібермейді.Олимпиаданың ашылуында командалар өздерін таныстыруы қажет (девиз, атауы).
Олимпиада екі кезеңде өткізіледі.
Қатысушыларды тіркеу:14сәуірде – 9.00-10.00
Олимпиаданың өтетін уақыты:14сәуірдебірінші кезең 10.00-13.00 дейін.
14сәуірдеекінші кезең14:00 -17:00 дейін
15сәуірде10.00-да олимпиаданың жабылу рәсімі.
15сәуірдеқатысушыларғаАлматы қаласының қонақжайлылығы бойынша экскурсиялар ұйымдастырылады.
Олимпиаданың жүргізілу тілдері: қазақ тілі, орыс тілі.
Қатысу үшін келесі мәліметтер қажет: 15наурызға дейін төмендегі форма бойынша мәлімдеме тапсырылуы керек:
«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша өтетін студенттер арасындағы пәндік олимпиадаға қатысу мәлімдемесі
- Қатысушылардың аты-жөні, тегі: _________________________________
- Оқу орны: (ЖОО аталуы, курсы)_________________________
- Мамандығы _______________________________________________
- Байланыс телефондары: __________________________________________
- E-mail: _________________________________________________________
- Топтың жетекшісі: _______________________________________________
– әрбір қатысушыға оқу орнынан алынған анықтама немесе оқу кітапшасының сканерден өткізілген копиясы.
Құжаттарды Олимпиаданың электрондық адресіне 2016 жылдың 15наурызына дейін жіберу қажет.
e-mail: [email protected]
Ұйымдастырушы комитет жәнеәділқазылар мүшелері С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармация институтының профессорлық-оқытушылық құрамынан құрылған.
Төраға: фармация Институтының директоры, фарм.ғ.д., Датхаев У.М..
Байланыс телефондары:СакиповаЗурияддаБектимировна, байл.тел.: 87772350202; Аюпова Роза Багдаулетовна, байл.тел.: 8701 328 05 65.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/5в074800-фармацевтикалық-өндіріс-техноло/