6B07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша XII Республикалық пәндік олимпиада
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебі 6B07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерді XII Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады.
Олимпиада студенттердің кәсіби құзыреттерін айқындау, шығармашылық әлеуетін дамыту, оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, сондай-ақ дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында өткізіледі.
Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 23–24 сәуір
Өткізу форматы: офлайн
Өткізу тілдері: қазақ, орыс
Өтетін орны: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Фармация мектебі, Алматы қ.
Олимпиадаға жоғары оқу орындарының 3–4 курс студенттері қатыса алады. Әрбір ЖОО 6B07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша 3–4 курс студенттерінен құралған 3–4 адамнан тұратын екі командаға дейін ұсына алады.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады
I кезең – теориялық (тестілеу);
II кезең – практикалық, яғни үй тапсырмасы бойынша презентация жасап, ғылыми бағыттағы жобаны қорғау.
Қатысу үшін 2026 жылғы 10 сәуірге дейін онлайн-өтінім жіберу қажет.
E-mail: [email protected]
WhatsApp: +7 (778) 656 78 26
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би көшесі, 94
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ
2-корпус, 1-қабат, №155 кабинет.
Байланыс телефондары:
+7 (778) 656 78 26 – Рахымбаев Нұрғали Аманбайұлы
+7 (701) 856 06 91 – Момбеков Сержан Есимбаевич


