7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні «Өмірге салауатты қадам»
2026 жылғы 7 сәуірде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің АИТВ инфекциясы және инфекциялық бақылау курсымен эпидемиология кафедрасында Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында танымдық-тәжірибелік іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулық мәдениетін арттыру, сондай-ақ аурулардың алдын алу бағытындағы білімдерін тереңдету болды. Сонымен қатар, іс-шара жастардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және профилактикалық медицина қағидаттарын насихаттауға бағытталды.
Іс-шара барысында студенттерге дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, психикалық денсаулықты сақтау, зиянды әдеттердің алдын алу және инфекциялық аурулардың профилактикасы туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында интерактивті талқылаулар, сұрақ-жауап форматындағы пікір алмасулар ұйымдастырылды.
Іс-шараның практикалық бөлімі аясында студенттер эдвайзерлермен бірге Бас ботаникалық бақ аумағында ашық ауада 120 минуттық дене белсенділігіне қатысты. Аталған белсенділікке 50 студент қатысып, табиғи ортада серуендеу, қозғалыс белсенділігін арттыру және психоэмоционалдық жағдайды нығайту арқылы салауатты өмір салты қағидаттарын тәжірибеде жүзеге асырды.
Студенттер белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығы туралы құнды мәліметтер алды. Іс-шара олардың денсаулыққа деген саналы көзқарасын қалыптастыруға және профилактикалық бағыттағы медициналық білімді нығайтуға ықпал етті. Шараны ұйымдастырушылар: Х. Досмухамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің аға кураторы Бейсенбинова Ж.Б., қауымдастырылған профессор Алимханова К.Н., профессор ассистенті Темирбаева Л.Ж., лектор Максутова Г.С. ассистент Орманбетова Н.Б.









