ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожиннің 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
Аяулы арулар! Қымбатты ханымдар!
Сіздерді көктем шуағымен ілесе келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жыл ішіндегі ең бір жарқын да қуанышты күн – көктемнің жыл құсындай алғашқы осы мерекесі жыл сайын дәстүрлі түрде ерекше ілтипатпен атап өтіледі. Бұл мерекенің аясына аналардың, қыз-келіншектердің, жалпы әйел баласының бойындағы махаббат, әсемдік, мейірімділік, ізгілік секілді қасиеттер, отбасындағы береке мен ынтымақ сыйып тұр.
Қазақтың бағзы заманнан бастау алған ұлы тарих көшінде әйел-аналарымыздың алар орны ерекше. Қасиетті Ұмай анадан тартып, Зарина, Томирис секілді ханшайымдарға, ел анасына айналған Домалақ, Қарқабат, Айғаным секілді әз-аналарымызға, ел шетіне тиген жауға қарсы ер-азаматтармен қосыла атқа мініп шайқасқан Бопай, Әлия, Мәншүк секілді өр рухты қыздарымызға ұласқан ақыл мен парасаттың, ажар мен көріктің, ерлік пен өрліктің желісі үзілмеген. Осынау жалынды жігер, асқақ рух бүгінгі қазақ қыздарының бойынан да өше қойған жоқ.
Иә, көктемгі нұр мен шаттыққа толы осынау күнді барша ер-азаматтар да ерекше қадір тұтады. Құрметтейді. Өйткені, қашанда елге тұтқа, ұрпаққа пана болған әйел затынсыз жарық дүниені, төрткүл әлемді, толайым тіршілікті елестету мүмкін емес.
Ана болу, бала өсіріп дана болу – күллі әйел қауымына тән бақыт жолы. Аналық қарызы, әйелдік парызы болмақ. Өйткені Қасиетті Құран Кәрімде де, Мұхаммед пайғамбарымыздың өнегелі өсиеттерінде де «Әйел – Алаһ Тағаланың аманаты» деп, айрықша ескертілген екен. Сондықтан да қызғалдақтай қыздарымыз, бауырмал қарындастарымыз, салиқалы жарларымыз бен сарабдал аналарымыз өмірімізге мән, тіршілігімізге сән берумен келеді.
Бүгінгі мерейлі күні Сіздерге қуаныш пен шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін.
Ізгі ниетпен,
ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин
Дорогие наши женщины, матери, сестры, коллеги, представители прекрасной половины человечества!
Наступает весна, которая, спустя год тяжелой пандемии коронавируса несет нам новую надежду. В этот яркий, светлый, наполненный радостью и улыбками день мы хотим выразить вам свое восхищение и уважение, признаться в самых теплых чувствах. Ваша доброта, забота, теплая энергия, которую вы дарите всему миру помогает нам всем добиваться новых свершений.
Без вашего огромного, созидательного вклада в общее дело нашей страны невозможно представить никаких достижений Независимого Казахстана! Вы умеете и успеваете все — и на работе и дома вы всегда красивы, очаровательны, объединяете и наш коллектив, и свои семьи, вдохновляете и поддерживаете.
“В тебе – краса, внимание – в нас,
Вот правда вся, что без прикрас.
От милой прелести твоей
Не отвести никак мне глаз» – это стихи великого Абая о женщинах.
Своей красотой вы делаете нашу жизнь ярче, счастливее, веселее. Вы мотивируете нас стать лучше. 250 тысяч врачей ежедневно берегут самое ценное, что есть у казахстанцев — их здоровье. Большинство из врачей в стране — женщины, которые наравне с мужчинами несут тяжелое бремя сложного и порой неблагодарного труда медика. Ваша нежность и забота помогает зачастую встать на ноги пациентам, даже в самых тяжелых случаях. Вы во многом даете фору мужчинам, проявляя терпение и выносливость, улыбаясь даже в самые тяжелые моменты.
От лица всего мужского коллектива КазНМУ хочу поблагодарить вас за ваш неустанный труд, героизм, за то, что вы являетесь опорой для каждого из нас в целом и для всего нашего государства, за то, что вы отдаете все силы для того, чтобы поднять и воспитать наших детей. Побольше вам счастья, исполнения всех ваших сокровенных желаний, здоровья и благополучия в ваших семьях! Мы мужчины, в свою очередь, желаем быть достойными вас, будем к этому стремиться и делать все, чтобы вы чувствовали наше сильное надежное плечо и то, что мы любим вас всегда!
С уважением,
Ректор КазНМУ Талгат Нургожин