8 Наурызға арналған мерекелік волейбол турнирі
Құрметті С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушылары мен қызметкерлері!
Сіздерді әйелдер арасында өтетін мерекелік волейбол турниріне шақырамыз.
Әріптестеріңізді қолдауға, командалық рухты сезінуге және спорттың қуатымен жігерленуге келіңіздер!
Күні: 2026 жылғы 5 наурыз
Уақыты: 18:00
Өтетін орны: Байтұрсынов көшесі, 93
Құрметпен,
Дене саулығы орталығы
ҚазҰМУ Кәсіподақ ұйымы



