Халықаралық анестезиологтар күніне орай өткен конференция
14 қазан 2016 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Concordia» театрында Халықаралық анестезиологтар күніне орай Республикалық анестезиолог-реаниматологтар Федерациясының және Алматы қалалық анестезиолог-реаниматологтар ұйымының басшылығымен конференция өткізілді. Шараны ұйымдастырғандар:
- С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Анестезиология және реаниматология кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профеассор Исраилова В. К.)
- ҚазМҮББУ анестезиология және реаниматология кафедрасы (кафедра меңгерушісі доцент Чурсин В. В.)
- ҚРМУ анестезиология және реаниматология кафедрасы (кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Миербеков Е. М.)
Конференцияда Республикалық анестезиолог-реаниматологтар Федерациясының басқарушысы профессор Миербеков Е. М., Алматы қаласы бойынша медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің төрайымы және ҚР дәрігерлер және провизорлар ассоциациясының президенті сөз сөйледі.
Шақырылған қонақтар дәрігер анеастезиолог – реаниматологтарды, резидент дәрігерлерді Халықаралық анестезиологтар күнімен құттықтау сөздер айтылды. Осы салада көп жылдан бері еңбек етіп өздерінің сара жолдарын салған ардагер дәрігерлерге: Огай О. Г., Жұмабеков Т. А., Джолдыбеков Т. С., Силачев Ю. Я. марапаттаулармен сыйлықтар табыс етілді.
Сонымен қоса, анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Исраилова В. К және кафедра доценті, м.ғ.к. Г. С. Бердалинаға «Алтын дәрігер» төс белгілері табыс етілгендігін мақтанышпен айтуға болады.
Қымбатты әріптестер, Халықаралық Анестезиологтар – реаниматологтар күні құтты болсын! Сіздердің еңбектеріңізге табыс тілейміз!