9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қалалық сенбілік өтті
Ағымдағы 2025 жылдың 08 мамыры күні Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында
9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған қалалық сенбілік өтті. Сенбілікке С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінен 60-қа жуық қызметкерлер мен студенттер қатысты.
Сенбілік Орталық мәдениет және демалыс саябағының жанындағы Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойымен жас талдар отырғызылып, қоқыстар жиналды. Қалалық сенбіліктің негізгі мақсаты қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қаламыздың гүденуіне өз үлесімізді қосу болып табылады. Алматы -біздің ортақ үйіміз.