Дертке шипа дарытқан
Қазақстандық ата-аналар балаларды Қазақстанда да емдеп жазуға болатыны туралы қажетті ақпаратты білмеу себебінен, балаларын шетелге емделуге жіберуге шешім қабылдап жатады. Бұл пікірмен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалар жасындағы стоматология кафедрасының ассистенті, жоғары дәрежелі балалар жақ-бет хирург дәрігері, өз саласындағы үздік мамандардың бірі Дильшат Утепов бөлісті.
Дәрігер әр нақты жағдайда шетелге емделуге шығу туралы шешім жеке түрде қабылданытын түсіндірді. «Әрине, балалар жақ-бет хирургиясы бойынша тікелей жауап берер болсам: негізгі аурулар бойынша бет-жақ аймағында патологиясы бар балаларды емдеуде күрделі мәселе жоқ. Мысалға: жиі кездесетін патология – жоғарғы еріннің және таңдайдың туа біткен жырығы, бет сүйектері мен жұмсақ тіндерінің қатерсіз ісіктері, бет жарақаттарының салдары. Бүгінгі таңда елімізде хирургиялық сауықтыру толық көлемде жүргізілуде. Күрделі оталар көбінесе Алматыда С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Ақсай» университеттік клиникасында, сонымен бірге Астана, Шымкент, Түркістан қалалары мен Алматы облысында жасалады. Менің көзқарасымша, аталмыш паталогия бойынша шетелге шығуға еш себеп жоқ», — дейді дәрігер.
Оның пайымынша, шетелге шығудағы негізгі себеп – географиялық орналасу болып табылады. Мысалға алатын болсақ, Атыраудан көбінесе РФ Астрахань қаласына, Солтүстік өңірден – Екатеринбург, Новосибирск қалаларына, Оңтүстік Қазақстан облысынан – Ташкентке, Жамбыл облысынан – Бішкекке барады. «Көп жағдайда өздеріне ыңғайлы болғандықтан ата-аналар қандай нәтижелер болатынын күтпестен бара береді. Балаларды емделуге көршілес елдерге апарудағы негізгі себеп ата-аналардың дұрыс ақпараттандырылмағандығы. Оған қоса кей өңірлерде ата-аналарды қоспағанда дәрігерлердің өздері де қайда жүгіну керектігін білмейді. Германия, Корея, Түркия, Израиль секілді алыс шетелге балаларды емделуге апаруда жекешелеген жағдайлар бар, бірақ бұл ауқатты отбасылар балалары немесе қайырымдылық қорлары арқылы болып табылады. Өкінішке орай, бұл қорлар көп жағдайда балаға расымен де шетелде емдеу жүргізілді ме дегендігін тексермейді. Ал, бұл қаражатқа шетел клиникалары жағдайында емделуге мұқтаж балаға ем алуға болар еді», — деп хирург пікір білдірді.
Дәрігердің ойынша, науқастардың еліміздің клиникаларына жүгіну үшін, біріншіден, клиникалардың материалдық-техникалық жабдықтарын жақсарту керек. Өйткені, науқас бастапқы таңдауда ең алдымен емхананың сыртқы келбеті мен ішкі қолайлығына көңіл бөледі. «Екінші мәселе, дәрігерлерде ынталандырудың жоқтығы. Бүгінгі күнде көптеген инновациялар, жаңашылдықтар мен енгізулер дәрігердің өзіндік ынта білдіруінен болып табылады. Біздің дәрігерлер мен шетел дәрігерлерінің жалақысын салыстырып көріңіз, айырмашылығы орасан. Өз есебінен маңызды шеберлік сабақтар мен мамандандыруды оқыту да арзанға соқпайды. Бұл жерде жергілікті және жетекші клиникалардың арасында өзара сабақтастық жоқ. Жергілікті дәрігерлерге шеберлік сабақтары мен мамандандыруды жүргізіп, оқыту керек. Жергілікті дәрігерлердің еліміздің клиникаларына балаларын жіберуге қызығушылығын арттыру мақсатында олардың нәтижелерін көрсету қажет», — деді маман.
Өз сөзінде дәрігер «Ақсай» балалар клиникасында әлемдегі жетекші клиникаларында еріннің және таңдайдың туа біткен жырығы бойынша жүргізілетін барлық оталар енгізілгендігін және нәтижелері әлемдік стандартқа сай екендігін атап өтті. Сондай-ақ, жылына университеттік клиникада 500-ге жуық ота жасалатынын мәлім етті.
АНЫҚТАМА:
Атап өтсек, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Ақсай» Республикалық балалар клиникалық емханасы – бұл Қазақстан Республикасындағы көне емдеу-диагностикалық мекемелердің бірі болып табылады. Емхананың 58 жылдық тарихы бар. 300 төсек орнымен жабдықталған. Жылына республика бойынша 5 мыңнан астам балаларға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі, оның ішінде 2,5 мыңнан жуығы ауылдық аймақтан. Клиникада жылына 1500-ге жуық оталар жасалады, консультативтік-диагностикалық орталығына 30000-ға жуық адам жүгінген.
Емхананы университетке қамқорлыққа берілген сәттен қарыздарды төлеу мен материалдық-техникалық базаны қалпына келтіруге мың жарым миллиард теңге қаражат салынған. Университет емхананы өз күшімен қалпына келтіруді жалғастырып келеді. «Ақсай» С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың, АМДБЖИ-дің және Қазақстан-Ресей медицина университетінің клиникалық базасы болып табылады. Клиникада үнемі университет кафедраларының доценттері, профессорларымен клиникалық тексерулер жүргізіледі.
Емхана Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тастыбұлақ ауылында орналасқан. Жалпы аумағы 7,75 гектарды құрайды.