Бірегей сыбайлас жемқорлық сағаты
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің қатысуымен «Бірегей сыбайлас жемқорлық сағаты» өткізілді. Өткізілген іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталып, 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай және Нархоз университетінің бастамасын қолдау ретінде жүзеге асырылды.
«Денсаулық сақтауды басқару саясаты, медициналық құқық курсымен» кафедрасының оқытушылары студенттерге білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыратын, дүниетанымды дәріптейтін құндылықтарды баяндап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресудің күрделі мәселелері және сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері туралы түсінік берді.
Іс-шара барысында бейнефильмдер көрсетіліп, студенттер айтылған мәселелер бойынша пікір алмасты. Қамтылған білім алушылар саны – 1500 адам.
Жастар саясаты басқармасы