РҒДИ-ге сәйкес, «ҚазҰМУ Хабаршысы» журналының дәйексөз индексі саны – 403
Ресейлік ғылыми дәйексөз индексіне (Science Index) сәйкес, «ҚазҰМУ Хабаршысы» ғылыми-тәжірибелік журналының дәйексөз индексі саны 403 және медициналық бағыттағы баспалар арасында бірінші орында.
Сонымен қатар, «ҚазҰМУ Хабаршысы» ғылыми-тәжірибелік журналы Қазақстан бойынша әр түрлі тақырыпта РҒДИ-де индекстелетін журналдар арасында дәйексөз индексі саны бойынша үшінші орында.
Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ) — бұл 2 миллионға жуық жарияланымды жинақтайтын ұлттық ақпараттық-аналитикалық жүйе. Аталмыш жүйе ғылыми зерттеулердің өзекті анықтамалық-библиографиялық ақпараттарды қолма-қол қамтамасыз етуден бөлек ғылыми журналдардың деңгейін, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғалымдардың қызметтерінің тиімділігі мен нәтижелілігіне баға беруге мүмкіндік беретін маңызды құрал болып табылады.
Еске сала кетсек, 2017 жылдың қаңтар айында «ҚазҰМУ Хабаршысы» журналының дәйексөз индексі саны 54 болатын.
Нәтижелер бойынша ақпаратпен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http://elibrary.ru/title_about.asp?id=28429