Профессор А.Ақанов атындағы футболдан «A-LIGA» чемпионатының марапаттау рәсімі өтті
2018 жылдың 13 мамыр күні «ONYX» спорткешенінде Профессор А.Ақанов атындағы футболдан «A-LIGA» чемпионатының ақтық мәре ойындары мен марапаттау рәсімі өткізілді. Бұл чемпионат ақпан айынан бастау алып, 20 командадан 200 студент қатысқан, 3айға созылған үлкен іс-шаралардың бірі болып табылады.
Әр жексенбі күндері ойындар ойналып, топтық кезең және әр топтың 1-2 орын алған командалары арасында плей-офф кезеңдері ұйымдастырылды.
«ONYX» спорткешенінде ақтық мәре ойындары: «A-LIGA» кіші кубогының финалы, ІІІ орын, финалдық ойындар ойналған болатын. Марапаттау рәсімінде: Айқан Ақанұлының отбасылық досы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сейдуманов Сұлтан Тұрарұлы, Жастар саясаты басқармасының басшысы Шыңғысбаев Лескен Сейдіғалымұлы, Университеттің Студенттік Үкіметінің төрағасы Солтанай Жәнібек, ҚазҰМУ Білім алушылар кәсіподағының төрағасы Бөріхан Ерболат, «Жалпы медицина» мектебінің студенттік деканы Мәмбет Ержан жеңімпаздарды марапаттап, арнайы медальдар және кубоктармен марапатталды.
«A-LIGA» чемпионатының нәтижесінде:
І орын – «Қыран» футбол командасы
ІІ орын – «Виртус» футбол командасы
III орын – «Спарта» футбол командасы
Кіші кубок иегері – «Ордабасы» футбол командасы
Жеке номинациялар:
«Ең үздік қақпашы» – Жамалбеков Әлібек «Қыран»
«Ең үздік қорғаушы» – Жүрсінбеков Дінмұхамед «Қыран»
«Ең үздік шабуылшы» – Махсотов Бахытжан «Қыран»
«Ең үздік ойыншы» – Апбасов Асқар «Спарта»
«Жыл жаңалығы» – «SDF» футбол командасы
Чемпионаттың бас ұйымдастырушылары: Университеттің Студенттік Үкіметі және «Жалпы медицина» мектебінің студенттік деканаты.
Бізді қолдағандар: ҚазҰМУ білім алушылар кәсіподағы, Жастар саясаты басқармасы және Дене шынықтыру кафедрасы.