«Діни экстремизм мен терроризмнің белең алуының алдын-алу» бойынша кездесу өтті.
2018 жылдың 18 қазанында Университеттің Даңқ залында жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің белең алуының алдын-алу мақсатында Алматы қаласының Дін істер Басқармасымен бірлескен жұмыс аясында 1-7 курс тәлімгерлері және Университеттің оқу корпустары мен жатақханаларының меңгерушілерімен «Діни экстремизм мен терроризмге белең алуының алдын-алу» бойынша кездесу өткізілді (студент жастар арасында діни экстремизмнің және терроризмнің алдын-алуға арналған шаралардың жоспарына сәйкес).
Аталмыш кездесуге «Мониторингілеу және талдау орталығының» ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі: философия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия саясаттану факультетінің профессоры – Рысбекова Шамсия Сейдгалиевна қатысты. Кездесу барысында «Әлеуметтік желілер» атты фильм көрсетілді.
Аталған іс-шараға 200 жуық адам қатысты. Іс-шара Жастар саясаты басқарманың ұйымдастыруымен өткізілді.