«Инновациялық ұлттық өнімдерге заманауи көзқарас» атты жас ғалымдардың дөңгелек үстелі
30 қараша 2018 жылы Ұлттық Медицина Университетінің «Профилактикалық медицина курсымен Нутрициология» кафедрасының және Қазақ Ұлттық аграрлық университеті мен аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қатысуымен «Инновациялық ұлттық өнімдерге заманауи көзқарас» атты жас ғалымдардың дөңгелек үстелін өткізді. Шара университетіміздің ғылым мен инновация департаментінің жоспарына сай өткізілді.
Дөңгелек үстел мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Рухани жаңғыру бағдарламасы мен бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы бойынша ұлттық өнімдердің дамуы мен таралуын қамтамасыз етудің басым бағыттарына арналған. Университетіміздің дәстүрін сақтау мен көбейту, құндылықтарын дәріптеу.
Дөңгелек үстел жұмысына нутрициология кафедрасының ПОҚ-ы, студенттік «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» ғылыми үйірмесінің мүшелері, тәлімгерлік топ студенттері, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті «Тағамдық өнімдердің технологиясы мен қауіпсіздігі» кафедрасы мен аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Эпидемиология, биостатистика и доказательная медицина» кафедрасының магистранттары мен студенттері белсенді ат салысты.
Дөңгелек үстел академик Т.Ш.Шармановтың алғы сөзімен ашылып, ол отандық азық-түліктің маңызы мен ұлттық сүт өнімдерін ғылыми тұрғыда дамытудың аса маңызды басымдықтарын айрықша атап өтті. Осы шара аясында ҰМУ баяндамашылары сүт пен ет өнімдерінің қауіпсіздігінің көрсеткіштеріне тоқталса, ал аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті май қышқылдарының транс-изомерлерінің аса қауіптілігі осы заманғы адамзат баласының басына төнген қауіп екендігі жөніндегі ғылыми деректерімен бөлісіп, оның жаңа ғасырдағы баламасы- бие сүті негізіндегі ұзақ ғұмыр мен қауіпсіз тағам ретінде, Қазақ тағамтану академиясымен дайындалған тағам түрлері айтылды! ҚазҰАУ магистранты сүт пен ет өндірісінің заманауи даму жолдары мен келешектегі ғылыми бағыттары туралы ақпараттарымен бөлісті. Баяндамадан кейін қатысушылар бүгінгі тақырыптар төңірегінде қызу пікірталастар болды. Басқа жоғарғы оқу орнынан келген қонақтар осы өзекті тақырып аясында білікті мамандардың, жас ғалымдардың қатысуымен осындай басқосулар дәстүрге айналуына тілек білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің декан орынбасары Оразаев Е.Т. өткізілген іс шара алғысын білдірді. Нутрициология кафедрасының меңгерушісі Қайнарбаева М.С. барлық қатысушыларға ғылыми табыстар тілеп, осы шара өтуіне белсенді қатысқандары үшін сертификатпен марапаттады.