Терминология мәселелеріне арналған Республикалық ғылыми теориялық конференция
Алматыда 2019 жылғы 12 сәуірде ҚР ДСМ және С.Ж.Асфендияров атындағы ҰМУ ұйымдастыруымен «салалық терминдерді қалыптастырудың ғылыми – әдістемелік негіздері» атты Республикалық терминологиялық конференция өтті.
Конференцияны өткізу негіздемесі: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 580 бұйрығының 6-тармағын және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 38 бұйрығының 8-тармағын орындау үшін, сондай-ақ «Ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК 2019 жылғы 25 ақпандағы № 917-04-01-08 хаты.
Конференцияға ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшелері , Ақтөбе, Семей, Шымкент және Қарағанды медициналық жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары мен ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және тілші ғалымдар қатысты. Салалық терминдердің қалыптастыру жолында еңбек етіп жүрген ғалымдар мен сала мамандары қазіргі кезеңдегі медициналық терминдерді біріздендіру мәселесін шешу жолындағы өз пікірлерін және ұсыныстарын ортаға салды.
Атап айтқанда, олар:
Алдангорова Айжан Әнуарбекқызы – ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының жауапты хатшысы, ҚР ДСМ Әкімшілік департаменті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас сарапшысы.
Баяндама тақырыбы: Денсаулық сақтау саласында медициналық терминологиялық комиссия жұмысы жөніндегі талдамалық ақпарат. |
Бақыт Әбиірұлы Қалымбет – Алматы қаласы әкімі аппараты тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының бас инспекторы. Баяндама тақырыбы: Мемлекеттік тіл саясатының мәселелері. |
Түсіпқалиев Балаш Түсіпқалиұлы – ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшесі, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті балалар аурулары кафедрасының профессоры. Баяндама тақырыбы: Медицина мекемелерінде құжатарды мемлекеттік тілде жүргізу қандай деңгейде . |
Дәрменов Ерғали Нұрмахамбетұлы ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшесі, Қарағанды мемлекеттік Университеті №1 хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры.
Баяндама тақырыбы: Медициналық терминдерді мемлекеттік тіл нормасына сәйкестендіру. |
Рахыжанова Сауле Орынгазыевна – ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшесі, Семей медицина университеті қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі, доцент. Баяндама тақырыбы: Ғылыми-әдістемелік терминдерді қалыптастыру негіздері. |
Шәкенов Бауыржан Шәкенұлы – ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшесі, С.Ж.Асфендияров атындағы ҰМУ-нің қалыпты анатомия кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы: Біріздендіруге уақыты келген терминдер. |
Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы – ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшесі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы. Баяндама тақырыбы: Медициналық терминдердің калькалану үрдісі.
|
Нұрмұхамбетов Әділман Нұрмұхамбетұлы – С. Ж. Асфендияров атындағы ҰМУ-нің профессоры.
Баяндама тақырыбы: Қазіргі қазақ тілінің кейбір келеңсіз тұстары. |
Құлманбетов Исатай Әзімұлы – С. Ж. Асфендияров атындағы ҰМУ-нің профессоры.
Баяндама тақырыбы: Термин жасауда қазақ тілінің лексикалық байлығын пайдалану. |
Ахметов Жауғашты Байназарұлы – ҚР ДСМ Комиссия төрағасының орынбасары, С. Ж. Асфендияров атындағы ҰМУ-нің, патологиялық анатомия кафедрасының профессоры. Баяндама тақырыбы: Медициналық терминологияны тұрақтандыру жолдары. |
Жұбаева Орынай Сағынғалиқызы – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының грамматика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор. Баяндама тақырыбы: Салалық терминдерді лингвокогнитивті тұрғыдан зерттеу аспектілері. |
Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы – Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, «Лұғат» қоғамдық қорының жетекшісі, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комисся жанындағы Әдістемелік жұмыс тобының мүшесі, ф.ғ.к., доцент. Баяндама тақырыбы: Латын қарпіне көшу барысындағы әзірлеу, енгізу жұмыстары. |
Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы – С.Ж.Асфендияров атындағы ҰМУ-нің тілдік пәндер кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Баяндама тақырыбы: Латыннегізді қазақ әліпбиі емлесін қалыптастырудағы қиындықтарды шешу жолдары.
Осы жасалынған баяндамалар негізінде «Медициналық терминологияның қалыптасуындағы латын әліпбиінің маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Қызықты пікір алмасулар, ұсыныстар негізінде конференция жұмысы қорытындыланып, шешім қабылданды.
Қазіргі кезендегі негізгі мақсат, салалық терминдерді қалыптастыру және біріздендіру жолында еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарының, колледждерінің және де басқа медициналық ұйымдардың арасындағы байланысты тұрақты түрде жолға қою. Себебі, конференциялар өтеді, шешімдер қабылданады, бірақ олар орындалмайды. Сондықтан белгілі бір терминдер тізбесі (мысалы, ішек бөліктерінің атаулары) жасалып, медициналық ұйымдарға таратылуы қажет. Олардың осы терминдер тізбесі жөніндегі пікірлері жинастырылып, електен өткізіліп, шешім қабылданады. Содан кейін ғана барып іріктелген терминдер Үкіметтің терминологиялық комиссиясына ұсынылуы керек. Әрбір медициналық мекемеде, осы аталған жұмыстарды техникалық жағынан орындайтын, арнайы штат бойынша бөлінген бір қызметкер болуы қажет.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясының «Салалық терминдерді қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» республикалық терминологиялық конференциясының
№ 8 хаттамалық шешімі :
1. Конференцияға қатысушы мамандардың баяндамалары назарға алынсын. 2. Медициналық білім беру және ғылыми ұйымдар, ҒЗИ және ұлттық орталықтар, денсаулық сақтау ұйымдары мемлекеттік тілде әдістемелік және ғылыми материалдарды шығару барысында республикалық терминкомның бекіткен терминдерін тұрақты негізде пайдалансын. Жауаптылар – Медициналық білім беру және ғылыми ұйымдар, ҒЗИ және ұлттық орталықтар, денсаулық сақтау ұйымдары. Мерзімі – тұрақты. 3. ҚР ДСМ жанындағы терминком мүшелері болып табылатын қызметкерлеріне әрбір Медициналық ЖОО-ларының басшылығы ынталандыру үстемеақысын қарастырсын. Жауаптылар: Медициналық ЖОО-ларының басшылығы. Мерзімі – тұрақты. 4. Медициналық жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар, денсаулық сақтау ұйымдары тіл саясаты бөлімінің жұмысын жандандырсын, болмаған жағдайда осындай бөлім ашуды қарастырсын. Жауаптылар – медициналық ЖОО-лар, ғылыми орталықтар, денсаулық сақтау ұйымдары. Мерзімі – тұрақты. 5. Жоғары оқу орындарының, республикалық ғылыми орталықтардың диссертация кеңестеріне, отырыстарына терминологиялық комиссия мүшелерін енгізсін. Жауаптылар – медициналық ЖОО-лар, ғылыми орталықтар. Мерзімі – тұрақты. 6. Медициналық терминдердің негізін құрайтын латын тілін міндетті пән ретінде енгізу қарастырылсын. Жауапты – медициналық ЖОО-лар, ғылыми орталықтар. Мерзімі – 2019-2020 жылдар. 7. Салалық терминдерді қалыптастыру кезінде республиканың медициналық жоғары оқу орындарының, колледждерінің және де басқа денсаулық сақтау ұйымдарының арасындағы өзара іс-қимыл жұмыстары іске асырылсын. Жауаптылар – Терминологиялық комиссия мүшелері, өңірлік терминологиялық топтар, медициналық ЖОО-лар, ғылыми орталықтар мен денсаулық сақтау ұйымдары. Мерзімі – тұрақты. 8. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау медициналық ЖОО-лардың, ғылыми орталықтардың бірінші басшыларына жүктелсін. 9. Осы хаттамалық шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. |
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/терминология-мәселелеріне-арналған-2/