Театр мен мұражайға бару – студенттердің рухани-мәдени игіліктерін дамыту.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев, жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. «2019 – Жастар жылы» аясында, «Профилактикалық медицина курсымен нутрициология» кафедрасының ассистенттері Ергешбаева Р.Б. және Сержанова Г.Н. «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультеті, 17-001-1,2қ, 17-002-1қ кураторлық топ студенттерімен 2019 жылдың 25 қараша күні «С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті» мұражайына барып, университет тарихымен танысты.
Тарихи мұражайда студенттерге арнап С.Ж.Асфендияровтың өмір жолы туралы бейнебаян көрсетіліп, соның барысында студенттер көп мәліметтер игеріп білім нәрімен сусындап қайтты. Тарихи мұражай ұжымына студенттер атынан үлкен алғыс айтылды.
Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жоғарыда аталған кураторлық топпен 2019 жылдың 22 қарашасында Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен қалыптасқан дәстүр бойынша М. Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрында «Жүрейік, жүрек ауыртпай» атты қойылымын тамашалады. «Жүрейік, жүрек ауыртпай» – адамдар арасындағы қарым-қатынастың шиеленіскен формасына құрылған отбасылық драма. Сахналанған қойылымында қазіргі қоғамда болып жатқан көкейкесті мәселелер алға тартылған. Тағылымы мол қойылым барлық көрерменнің көңілінен шықты. Қойылым режиссері ҚР халық әртісі Е.Обаев.
Қойылым басында, білім алушылар 1968 жылы 24 мамырда ашылған М. Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының мұражайын аралап, театр тарихымен таныстыратын 50000-нан астам экспонаттарды көрді.
Жалпы, уақыт тауып, өзімізді рухани тұрғыда байытып, көкірек көкжиектерімізді кеңейту үшін түрлі өнер ордаларына барып тұрғаны абзал.