«Шахматты да білетін, фармацевтер тірегім» атты факультет ішілік турнир
2020 жылдың ақпан айының 12-ші жұлдызында фармация мектепішілік студенттер арасында «шахматты да білетін, фармацевтер тірегім»
атты факультет ішілік қыздар және ер балалар арасында шахмат, шашки және тоғызқұмалақ ойындарынан турнир ұйымдастырылып өткізілді.
Ұлтымыздың ақыл-ой спорт түрі ойындарынан өткізілген мектепішілік жарыста белсенділік танытып, жүлделі орынға ие болған төмендегі студенттерді құттықтаймыз!!!
Шахмат бойынша, ер балалар арасында:
I -орын: Есімхан Әліби 2-курс ФӨТ мамандығы бойынша
II-орын: Текесбай Дарын 1-курс ФӨТ мамандығы бойынша
II-орын: Айтжан Ақылбек 2-курс ФӨТ мамандығы бойынша
III-орын: Темірбаев Амиргали 1-курс ФӨТ мамандығы бойынша
Шахмат бойынша, қыздар арасында:
I -орын: Мәулен Алуа 2-курс ФӨТ мамандығы бойынша
II-орын: Жанғазы Жанель 1-курс Фармация мамандығы бойынша
III-орын: Серікқызы Тоқжан 1-курс Фармация мамандығы бойынша
Шашки бойынша:
I -орын: Бекаралова Ақтоты 1-курс Фармация мамандығы бойынша
II-орын: Айтжан Ақылбек 2-курс ФӨТ мамандығы бойынша
III-орын: Байдул медет 2-курс ФӨТ мамандығы бойынша
Тоғызқұмалақ бойынша:
I -орын: Давлет Маржан 1-курс ФӨТ мамандығы бойынша
I -орын: Баймухан Арайлым 1-курс ФӨТ мамандығы бойынша
II -орын: Бақи Әбілмансұр 2-курс ФӨТ мамандығы бойынша
III-орын: Жаңбырбай Сапарайым 2-курс ФӨТ мамандығы бойынша
«Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника» кафедрасының доценті А.С.Кожамжаровамен «Химия» кафедрасының лекторы Г.А.Алдибекованың ұйымдастыруымен өткізілген турнирдің мақсаты: Мектепішілік турнир өткізу арқылы шахмат, шашки және тоғызқұмалақ ойындарынан мектеп құрамасын құру және ұйымдастыру, дарынды студенттерді іріктеу, логикалық ойлауды және ұшқыр білімді қажет ететін осы ойын түрлерін дәріптеу, студенттік өмірді қызықты ете түсу және болашақ мамандарды уақытты тиімді пайдалануға, пайдалы әдеттер бағытына бет бұруға тәрбиелеу болатын. Турнирді өткізу барысында арнайы бағдарлама құрастырылып, жоспарланған этап бойынша бойынша өткізілді.
Жоспар бойынша:
• Бастама сөз Фармация мектебінің деканы, профессор З.Б.Сакиповаға берілді.
• Ойын ережелерімен таныстырылды.
• Жеребе тарту рәсімі бойынша ойыншы жұптарды анықтау жүргізілді.
• Іріктеу кезеңі өткізілді.
• Жартылай финал.
• Финал.
• Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.
• Қорытындылау, естелік фотосуретке түсу.
Қазылар алқасы:
Фармацевтикалық технология кафедрасының меңгерушісі – Устенова Г.О.
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасының меңгерушісі – Берилло Д.А.
Химия кафедрасының меңгерушісі – Мырзақожа Д.А.
Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономика және клиникалық фармация кафедрасының лекторы – Жарымбетов Қ.Б.
Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Тәрбие тіршілігінің дұрыс ұйымдастырылуы жастардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарауы, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Халқымыз сонау ерте заманнан алуан өнердің әр саласына қанатын кең жайып келді. Сол өнер өресін ұрпақтан ұрпаққа аманаттап, бүгінге жеткізіп отыр. Дүниедегі кез келген ұлттың белгілі бір мәдениет үлгісі мен өнері түрлі тарихи және қоғамдық себептердің салдарынан, өмірге келгенімен, бірақ, солардың барлығының ғасырлардан-ғасырларға ұласып, ұзақ уақыттар бойы адамзат игілігіне жарай беруі тым күрделі құбылыс. Тек осылардың ішінде құны бар, өміршеңдік қуаты күштісі ғана кейігі ұрпақтарға жалыны өшпей, жыл өткен сайын маңызы күшейіп жетеді. Дәл осындай ұлтымыздың өшпес мәдениет үлгісі мен өнер айшығының бірі – тоғызқұмалақ ойыны. Ол ұлтымыздың атам заманнан бері жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге бойлаған дәстүрлі төл мұрасы. Сонымен бірге өресі биік бұқаралық спорт өнері.
Тоғызқұмалақ біздің ұлттық құндылығымыз, асыл мұрамыз. Біз тоғызқұмалақтың мәдени мұра ғана емес, жастардың зердесін, ойлау жүйесін жетілдірудегі маңызды зияткерлік спорттық ойын түрі екенін атап өтуіміз керек.
Турнирдің нәтижесіне, жүлделі орынға ие болған студеттер дипломмен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника» кафедрасының доценті А.С.Кожамжарова «Химия» кафедрасының лекторы Г.А.Алдибекова.