«Visiting-professor» бағдарламасы бойынша біздің университетке ғылым докторы, Гданьск университетінің Әлеуметтік зерттеулер факультетінің студенттік және халықаралық бағдарламалары бойынша деканы, Польша Республикасы Үкіметінің жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі Адам Ягелло-Русиловски келді.
Екі апта бойы профессор Адам Ягелло-Русиловски «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» және «Коммуникативтік дағдылар» кафедраларында дәрістер, практикалық сабақтар, мастер-класстар өткізіп, дәрігердің пациенттермен жұмысының маңызды этикалық және психологиялық аспектілерін қарастырады. Дәрістің әрбір теориялық жағдайы практикалық тапсырмамен сүйемелденеді және қарапайым жаттығулар арқылы профессор білім алушыларды дәрігердің пациенттермен өзара әрекеттесу процесінің күрделі механизмдерін түсінуге жетелейді. Командалық-бағытталған оқыту технологияларын (Team Based Learning), интерактивті әдістерді пайдалана отырып, профессор психоэмоционалдық тұрақтылыққа, өмірге төзімділікке, икемділікке, аяушылық пен жанашырлық танытуға үйретеді.
Оқу барысында студенттер, магистранттар, докторанттар сезімталдық, түсіну, интуиция деңгейінде көптеген теориялық білім, практикалық және коммуникативтік үдерістің дағдыларын алды.
Профессор Адам Ягелло-Брусиловскийдің дәрістері, шеберлік сыныптары, тренингтері қызықты, интерактивті өтеді. Студенттер, магистранттар мен оқытушылар профессор Адам Ягелло-Брусиловскийге оқу үдерісіне шығармашылық және ізгілікті көзқарасы үшін алғыс білдіреді.
«Коммуникативтік дағдылар» кафедрасының меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Багиярова Фатима Арыстанқызы: «Профессор Адам Ягелло-Русиловски көтерген тиімді коммуникация мәселелері біздің кафедра және жалпы медицина үшін маңызды және өзекті. Біздің университеттегі «Коммуникативтік дағдылар» пәні медицина қызметкерінің пациенттермен дұрыс қарым-қатынасын орнатуға бағытталған және профессордың білімі оның мазмұнын теориялық біліммен, практикалық дағдылармен байыта түсті. Бұл біздің пәніміз әлемдік білім беру жүйесі мен медицина саласының жалпы арнасында дамып келе жатқанын растады» деп атап өтті.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарық пәндер кафедрасының» меңгерушісі, доцент әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Нагайбаева Зауреш Арстамбековна: «Тәжірибе көрсеткендей, дәрігерге тек мамандық бойынша теориялық білімі (hard skills) болу және пациентке бағдарланған болу жеткіліксіз. Қазіргі бәсекеге қабілетті әлем сіздің адамдармен қалай жұмыс жасайтындығыңызды және өзара қарым-қатынасыңызды көрсететін қабілеттер мен дағдылардың қажет екенін көрсетеді, басқаша айтқанда, икемді дағдылар (жұмсақ дағдылар). Бұл дағдыларды үйрету қиынырақ, бірақ олар дәрігердің жұмысында жетістікке жету үшін өте маңызды. Біздің университетте бұл жұмыс алғашқы курстардан басталады. Біз профессор Адам Ягелло-Руссиловскийге олардың қалыптасқан тәжірибелерімен біздің студенттерімізбен және оқытушыларымызбен бөліскені үшін алғыс айтамыз».
Суретте: Жалпы медицина – 1, Жалпы медицина – 2, Стоматология, Фармация мектептерінің 1, 2 курс студенттері, магистранттар және оқытушылар.