ҚазҰМУ ректоры студенттермен кездесті
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Нұрғожин Талғат Сейтжанұлы фармация, стоматология, педиатрия және қоғамдық денсаулық сақтау мектептерінің 1-2 курс студенттерімен кездесу өткізді. Ол болашақ дәрігерлердің қойған сұрақтарына жауап беріп, мамандықтары бойынша бағыт-бағдар берді.
Естеріңізге сала кетсек, қазіргі таңда ҚазҰМУ жеті факультетте 13 536 жуық студент білім алады. Олардың ішінде 9947 бакалавр, 1837 интерндер, 1412 резиденттер, 199 магистранттар және 141 докторанттар бар. Сондай-ақ, 22 елден келген 1784 шетелдік студент бар. Жыл сайын жоғары оқу орнында бакалаврлар, дипломнан кейінгі деңгейдегі мамандар мен шетелдік студенттердің саны артып келеді.
Қазақстанның жетекші медицина университеті ҚазҰМУ осы оқу жылында 3074 жаңа студенттер қабылданды. Оның ішінде 2367 бакалавриат бағдарламасына, 103 магистратураға, 26 докторантура және 578 резидентураға қабылданған.
Жыл сайын университеттің студенттерінің қатары тек үздіктердің үздігімен толығуда. 2021-2022 оқу жылының білім алу гранттарын 1400 студент иеленді. Нәтижесінде университетке еліміздегі ең жоғары – 140 балл жинаған студенттер қабылданды. Бұл ҰБТ ең жоғары нәтижесі. Қазір ол студенттер университетіміздің стоматология мамандығы бойынша білім алуда. Басқа жоғары оқу орындарында бұл көрсеткіш 139 балл.
Жалпы медицина және фармация факультеттеріне 133 балл жинаған студенттер іріктеліп алынды. Еліміздің басқа да жоғары оқу орындарының жалпы медицина және фармация факультеттеріне 117 және 125 балл төңірегінде жинаған студенттер қабылданған. Ал педиатрия мен қоғамдық денсаулық сақтау факультеттеріне 116 балл жинаған студенттер қабылданды. Бұл ҚазҰМУ әрдайым ең дарынды студенттердің таңдауы екенін дәлелдейді.
ҚазҰМУ ректоры өз сөзінде студенттерді оқытудың негізгі өзекті мәселелеріне тоқталды. Олардың арасында академиялық адалдық, оқу тәртібі, сондай-ақ тұрмыстық мәселелер талқыланды.
Онлайн оқыту болмайды
ҚазҰМУ ректоры атап өткендей, медицина – бұл жүрегінде мейірімділік пен жанашырлық бар адамдардың мамандығы. Дәрігер тек жоғары білікті маман ғана емес, ол аса мұқият болуы қажет, ал педиатрлардың жағдайында науқастарды түсінуі білуі шарт, өйткені бала өз ауруы туралы жиі айта алмайды. ҚазҰМУ ректоры студенттерді өз денсаулығына қамқорлық жасап, вакцина алуға шақырды. Сонымен қатар ол онлайн сабақтарға көшу жоспарда жоқ екенін баса айтты.
«Медицинаны қашықтықтан оқу мүмкін емес. Сіз мамандығыңызды таңдадыңыз – бұл онлайн түрде оқу мүмкін емес мамандық», – деді Т.Нұрғожин.
Ол пандемия басталғалы студенттермен ұзақ уақыттан бері кездесу өткізуді жоспарлап жүргенін жеткізді. Сондықтан бірінші және екінші курс студенттері біріктіріліп шақырылды.
«Мен сіздерді, өз балаларымды көргеніме өте қуаныштымын. Бұл жерде үздіктердің үздігі жиналған. Сіздер медициналық жоғары оқу орнына ең жоғары балл жинап оқуға түстіңіздер. Мектепте барлығыңыз жақсы оқыдыңыздар. Биыл стоматология бойынша орташа балл 140 болды. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, стоматологияға 140 балл жинаған 25 талапкер қабылданды. Содан соң, бізге 20 грант қажет болды — тағы 5 адам қосылды. Ал, қанша адам жоғары көрсеткішпен түсе алмады. Педиатрия бойынша орташа балл 117 болды. Фармация 133. Бұл да жоғары балл», – деді ректор.
Барлығымыз Академиялық адалдықты сақтауымыз қажет
Ол университетте жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін академиялық саясатты мұқият оқу қажет екенін баса айтты. Жасырын көшіру және плагиатқа жол беруге тыйым салынады.
«Екі алсаңызда, адал біліммен алыңыздар. Сонда ғана сізде жақсы және өте жақсыға қайта тапсыру мүмкіндігі болады. Егер сіздікі дұрыс болса, мен сіздің жағыңызда боламын. Қорғаймын. Бірақ егер сіз академиялық адалдықты бұзсаңыз, екінші рет біздің университетте ешқашан қайта қабылданбайсыз. Біздің университеттің ұстанымы осындай – егер адам бір рет тәртіпті бұзса, ол екінші рет бұзуы мүмкін. Барлық батыс университеттерінде осылай», – деп ескертті ҚазҰМУ ректоры.
Ол вакцина миллиардтаған адамның өмірін сақтап қалғанын еске сала отырып, барлық студенттерді вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырды. Сонымен қатар ректор өзі үнемі әртүрлі екпелерді, соның ішінде тұмау мен басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналарды алып жүретінін атап өтті.
Сондай-ақ, Нұрғожин Талғат Сейтжанұлы студенттерді үлкендерге құрмет көрсетуге, оқытушыларды құрметтеуге шақырды.
«Әр арман үш нәрсемен бірге жүруі керек. Біріншісі – арманды сүю қажет. Екіншісі – әрқашан арманыңызға жетуге ниет болу қажет. Үшіншісі – әрине еңбек. Махаббат пен тілек басым болуы қажет, сонда ғана сіз жұмыс істеп, қалаған нәрсеге қол жеткізесіз», – деді ректор.
Ол сондай-ақ студенттерге сессияны бірінші реттен тапсыруды тіледі.
Барлық проблемалық мәселелер қысқа мерзімде шешіледі
Өз кезегінде жиналған студенттер университеттегі жағдайлар туралы әртүрлі сұрақтарын қойды. Жатақханалардың жағдайы, жылыту, академиялық күнтізбе, сымсыз интернеттің сапасы, студенттер қатарына қабылдау мәселелері көтерілді. Ректор барлық проблемалық мәселелер қысқа мерзімде шешілетінін алға тартты. Сондай-ақ студенттер университеттің ноутбуктер мен тұрақ орындарын ұсыну мүмкіндігіне қызығушылық танытты. Дегенмен әлемнің жетекші университеттерінде дербес компьютерлерді студенттер өз бетінше сатып алатыны, ал тұрақ қиындықтары университеттің қала орталығында орналасуынан туындап тұрғаны алға тартылды.
Сондай-ақ, Нұрғожин Талғат Сейтжанұлы студенттер үшін бірқатар дәрістер өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
«Маған белсенді дәрістер ұнайды. Менің ойымша, адам анатомиясындағы соңғы жаңалықтар туралы бірнеше дәріс және клиникалық фармакология бойынша дәріс дайындаймын – бұл менің мамандығым. Тіпті алысқа бармай, технологияның негізгі бағыттары және фармацевтикалық нарық болашақта қандай болатындығы туралы болжамдар болады. Сондықтан осындай дәрістерді сіздерге өткіземіз деп ойлаймын», – деді ректор.