«Біз қалай аман қалдық – білмеймін». Тоқсаныншы жылдары Қазақстанда бірегей ғылыми орталық қалай құрылды – профессор Алчынбаев Мирзакарим айтып берді
Алчынбаев Мирзакарим Кәрімұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің урология кафедрасының меңгерушісі. ҚазҰМУ студенттерімен және оқытушыларымен кездесуде ол тоқсаныншы жылдардағы қиыншылық кезеңде Қазақстанда білікті медициналық кадрларды сақтап қалғаны, Жарбосынов Бинеш Оразұлының есімін алған бірегей ғылыми-зерттеу институтын құрудың да сәті түскені туралы айтып берді. Кездесу ҚазҰМУ туған күніне орай өтті. Академик студенттерге нағыз дәрігер қандай болуы керек екені туралы бағыт-бағдар берді.
Дәрігерлер жалақысыз қалай жұмыс істеді
Б.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы құрылған сәтінен бастап қазақстандық урологияны дайындау мен дамытуға, ерлер бедеулігімен күресуге елеулі үлес қосты. Қазір мұнда заманауи урологиялық ғылымның өзекті мәселелері, жаңа инновациялық технологиялар негізінде урологиялық аурулар мен ерлердің репродуктивті денсаулығын диагностикалау, емдеу және алдын-алу мәселелері қарастырылады. Орталық әлемдік стандарттар деңгейінде тексеру мен емдеуді жүргізуге мүмкіндік беретін жабдықтармен жабдықталған. Бірақ әрдайым бұлай болған жоқ.
«1990 жылдың 26 желтоқсанында Қазақ урология институтын құру туралы бұйрық шықты. Ол КСРО төртінші еді. Құлдырау кезеңі болатын. Ештеңе болған жоқ. Жалақы тіпті берілмейтін. 1991 жылдың сәуір айында біз жұмыс істей бастадық. Өте қиын кезең еді. Жарты жылға дейін жалақы кешіктірілетін. Қалай аман қалуға болады? Не істеу керек? Сол кезде әріптес дәрігерлерді шақырдым. «Жігіттер! Сіздерге жалақы берілмейді. Ақша тек түскен кезде аласыздар. Еңбекақыны тек медбикелер мен санитарлар алатын болады», – деп сол жылдарды еске алады академик Алчынбаев Мирзакарим.
Ол уақытта дәрігерлер дәрі-дәрмектерді өз бетінше табуға мәжбүр болды, шприцтерді олардың өтініші бойынша Қызыл крест берді. Институт басшылығы қаржыландырудың жетіспеушілігінен штатты қысқартуға мәжбүр болды.
«Ал бізде енді кадрлар пайда бола бастаған. Штат жиналды. Сол кезде мен ақылы қызметтерді енгізуді ұйғардым – адамды ақылы қызметтерге қабылдаймын. Кереуеттер қойдық. Осылай негізгі тіректі сақтап қалдық. Ұжымды сақтап қалдық, еңбек ақыны да уақытында төледік. Әр науқасқа күніне тамаққа 30 теңге берілді. Содан кейін барлық достарымды – бизнесмендерді, таныстарды, туыстарды, бауырларымды жинадым. Көмектесуді сұрадым. Біреу екі тонна картоп, бір жарым тонна күріш, пияз берді. Күнбағыс майы, маргарин. 4 айға жетерлік азық-түлік. Осындай өте қиын жағдай болды. Біз қалай аман қалдық білмеймін», – дейді профессор М.Алчынбаев.
Ғылыми орталықтың жетекшісі Қазақстандағы дәрігерлердің бірінші съезіндегі жағдай мен оның шешу жолдары туралы айтып берді. Академик М.Алчынбаевтың айтуынша, әріптестері оған қолдау көрсетпеген.
«Олар мені айыптады. Маған: «Мырза! Сен не істеп жатырсың! Сен жас баласың!» деп айтатын мен 40 жастамын, олар 60 – менің ұстаздарым. Басқа қалай аман қалуға болады? Қызметкерлерді аш қалдырамызба? Олар: «Бізді мемлекет қамтамасыз етеді» дейді. Егер қамтамасыз етпеген кезде не істеу қажет? Сол кезде мен ақылы қызмет көрсетуді бірінші болып ашып, ақша таба бастадым. Өз еңбегім үшін мемлекеттік сыйлықты 2005 жылы алдым. Жағдай өте қиын болды. Барлық жағдайда біз еңсемізді түсірмедік, таңертеңнен түнге дейін жұмыс істедік — медицина өзіңді толық арнауды талап етеді», – деп бөлісті академик.
Ерлер денсаулығының бірегей орталықтары қалай құрылды
Тоқсаныншы жылдардағы қиыншылықтан кейін Қазақстанда мұнай бағасының өсуіне байланысты экономиканың өсуі басталды. Қамтамасыз ету әлдеқайда жақсарды, бөлінген қаражат кәсіпорындардың жұмыс істеуіне жете бастады. 2005 жылы институтты қайта жарақтандыру мүмкіндік туды.
«Өрлеу басталды, ғылымға ақша жұмсала бастады. Ғылымға 380 миллион теңге алғанда қатты шошыдым. Төрт бағдарлама іске қосылды, барлығы кейін үздік аяқталды. Институтты толығымен қайта жабдықтап, заманауи жабдықтар алынды. Шетелмен қарым-қатынас жасауды үйренуге мүмкіндік туды. Егер ақша таба бастасаң, ұйықтамау керек, жұмыс істеу қажет»,- деп еске алады академик.
Алайда, оның айтуынша, жаңа проблемалар пайда болды. Ерлер бедеулігі күрт өсе бастады. Туындаған мәселені шешу үшін академик М.Алчынбаев тек урология саласындағы мамандарды ғана емес, сонымен қатар пәнаралық тәсілді қолдана отырып, басқа да медициналық мамандықтардың мамандарын жұмылдыра бастады.
«Қазақстанның әр облысына біздің ғылыми институт директорларының бригадасы 4-5 рет баратын болды. Ерлер денсаулығы күндерін өткізеді, дәрігерлерді науқастарды қалай қарауға, диагнозын анықтау, диагностикалауды үйретеді. Терапевтер, эндокринологтар, хирургтар және травматологтар оқытылды. Мен өзім әр түрлі кәсіпорындарда ерлердің денсаулығы туралы 200 астам дәріс оқыдым. Әр облыста ерлер денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Дені сау ер адам – бақытты отбасының кепілі.
Әкімдермен кездесіп, жергілікті ақша есебінен құрдық. Біз жасаған бірегей жоба болып шықты. Әлемдік кеңістікте баламасы болмады. Мәселе мынада, қазір ерлердің денсаулығы коммерцияланған. Мен мәселені шешуге мемлекетті тартқан жалғыз адаммын. ТМД елдерінің денсаулық сақтау министрлерінің кеңесінде біздің жоба үздік деп танылды, оны ТМД барлық елдері бойынша енгізу ұсынылды», – дейді ол.
Ең күрделі мәселелерді қалай шешуге болады
Мирзакарим Алчынбаев жұмысындағы күрделі мәселелерді қалай шеше алғанын айтып берді. Оның айтуынша, шетелдік сапарларда Қазақстан әлемде онша танымал болмағаны жиі кездесті.
«1999 жылы мен Канададағы Монреальға Дүниежүзілік урологтар қауымдастығына кіруге өтініш беру үшін келдім. Канадалық маған «Қайдан келдің?» сұрақ қойды. Мен Қазақстан дедім. Ал ол: «Ол қайда?» дейді. Мен сабырлы үнмен: «Ол кең байтақ ел. Ұлы державалар – Қытай мен Ресей арасындағы бес франциядай жерді алып жатыр, өз тілі мен мәдениетін сақтап қалған ел дедім. Ер адам қошемет көрсетті. Ол түрік және вице-президент екен. «Қандай мәселе бар? Мұндай жігітті қабылдау қажет», – деді ол.
1998 жылы академик М.Алчынбаев еуропалық урологтардың конгресіне қатысты.
«Оларға Қазақстан қызықты болды. Олар Ресейді білді, бірақ бізді білмеді. Оларға Қазақстанда алғашқы Еуропалық Жас урологтар мектебін құруды ұсындық. Біз Алматыда өткіздік, одан кейін бұрынғы КСРО басқа елдерінде болды. 8 жетекші профессор келді. Ол үнемі жаңа технологияларды сұрады – ол үшін Еуропалық урологтар қауымдастығына кіру керек болды. Олар бас тартқысы келді. Ал мен оларға: «Мен еуропалықпын. Міне, қараңызшы Қазақстанның жартысы Еуропада орналасқан» – дедім. Мені қабылдады. Осылай жағдайдан шықтым. Қауымдастықтың мүшесі бола отырып, біз өз студенттерімізді Еуропаның үздік клиникаларында тегін оқыту құқығына ие болдық. Бұл біздің білім алушыларға осылай өсуге мүмкіндік берді», – деді ол.
Нағыз дәрігер қандай болуы қажет
Мирзакарим Алчынбаев 22 жыл Б.Жарбосынов атындағы ҒЗИ басқарды. Айта кетейік, ұйымға Алчынбаевтың арқасында академиктің есімі берілді, ол ұлы ғалымның еңбегін мәңгі есте сақтағысы келді.
«Сенбі де, жексенбі де, мереке де болған жоқ. Егер сіздер осылай жұмыс жасамасаңыздар, орта деңгейде қаласыздар, даму да болмайды. Жақсы дәрігер болғыңыз келсе, жұмыс жасаңыздар», – деп ақылын айтты ол.
«Дәрігер болу үшін академик, ғылым докторы болу міндетті емес. Өз кәсібилігімізді шыңдауымыз қажет. Осы жайында ойланыңыздар, ақша туралы емес. Өмір бойы есте сақтаңыз. Ашкөздік туралы ойламаңыздар. Өз беттеріңізбен жұмыс жасаңыздар – керемет дәрігер болсаңыз: бәрі болады – қоғамның, адамдардың ықыласы келеді», – дейді академик М.Алчынбаев.
Ол тәуелсіздік қазақстандық дәрігерлерге бірегей мүмкіндіктер бергенін атап өтті.
«Егер тәуелсіздік болмаса, біз бұған ешқашан қол жеткізе алмас едік. Сол кездері орыстар, москвалықтарда ең жақсы клиникалар болды. Қазақстаннан іс жүзінде ешкім шетелге барған жоқ. Мұның бәрі біздің тәуелсіздігіміздің арқасында. Бізге барлық жолдарды ашты», – деп түйіндеді ол.
ҚазҰМУ ректоры Нұрғожин Талғат Сейтжанұлы өз кезегінде, Мирзакарим Алчынбаевты «Ұлттық ұлылық» сыйлығын алуымен құттықтап, студенттерге осындай көрнекті академик болуды тіледі. Сонымен қатар Алчынбаев Мирзакарим Кәрімұлы ҚазҰМУ өз атынан студенттік шәкіртақы тағайындады.