ҚазҰМУ Жамбыл филиалында оқыту сапасын қалай арттыруда
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің филиалы Жамбыл облысында 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істейді. Ол Тараз қаласындағы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің базасында ашылды. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты өңірдегі медицина кадрларының тапшылығы проблемасын шешу болып табылады.
Қазіргі уақытта университеттің сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт аясында колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру және студенттерді жаңа білім беру бағдарламалары бойынша оқыту бойынша шаралар қабылдануда. 2021 жылы ҚазҰМУ оқу-өндірістік жабдықтарды сатып алуға, білім беру гранттарына, оқытушылардың біліктілігін арттыруға, академиялық ұтқырлыққа және колледжді электрондық деректер базасына қол жеткізуді қамтамасыз етуге шамамен 47 миллион теңге бөлінді.
«ҚазҰМУ» КЕАҚ Жамбыл жоғары медициналық колледжі базасында 6В10102 «Мейірбике ісі» және 6В10103 «Мейірбике ісі» білім беру бағдарламасы бойынша толық әлеуметтік қамтамасыз етумен (тұру, белгіленген нормалар бойынша шәкіртақы) орта білімнен кейінгі білім беру базасында «Мейірбике ісі» мамандығының қолданбалы бакалавриатының 24 түлегін даярлауға білім беру гранттарын бөлінді.
Қазір 24 студент (оқу мерзімі 2 жыл 6 аймен – 11 студент және оқу мерзімі 10 аймен – 13 студент) білім алуда. ҚазҰМУ КЕАҚ 28.08.2021 ж. № 1569 бұйрығымен қабылданды.
Колледждің 21 оқытушысы «Фармация», «Мейірбике ісі», «Педиатрия», «Жалпы дәрігерлік практика» мамандықтары бойынша біліктілігін арттырды.
Олар келесі тақырыптар бойынша оқытылды:
1) «Жүйке-бұлшықет берілісінің бұзылуымен байланысты жүйке жүйесі ауруларының спектрі»;
2) «Дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету жүйесі және оның негізгі құрамдас бөліктері. GDP/GPP ережелері»;
3) «Жедел тыныс жетіспеушілігі бар науқастарға, оның ішінде КВИ кезінде мейірбикелік күтім»;
4) «Аллергиялық ауруларға шұғыл көмек көрсету»;
5) «Госпитальға дейінгі және госпитальдық кезеңдегі шұғыл көмек көрсету»;
6) «Басым нозологиялар бойынша науқастарды жеке қабылдау бойынша мейірбикелерді оқыту»;
7) «ЖКО кезіндегі шұғыл көмек. Жүйелер мен мүшелердің оқшауланған, көп, аралас жарақаттары кезіндегі тактика»;
8) «Жалпы дәрігерлік практикадағы терапияның өзекті мәселелері»;
9) «Медициналық білім берудегі белсенді оқыту әдістері»;
10) «Базалық реанимация».
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша колледждің 8 студенті Алматы қаласында «ҚазҰМУ» КЕАҚ клиникалық базасында практикалық дағдыларын игерді. Тағы екі студент Саткынбай Тентишев атындағы Азия медициналық институты (Бішкек қаласы.) жанындағы колледж базасында практикалық дағдылар бойынша білімін шыңдады.
«ҚазҰМУ» КЕАҚ базасында академиялық ұтқырлық бойынша 20 оқытушы «Оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбында шеберлік сыныптарын өтті. Бұл аралықта оқытушылар мен студенттерге «ҚазҰМУ» КЕАҚ жатақханасынан орындар берілді.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігі мен ҚазҰМУ арасындағы қол қойылған меморандум аясында медицина кадрларының жағдайын зерттеу, жұмыс берушілермен ынтымақтастық орнату және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жолға қойылды. Мамандардың жеткіліктігіне сараптама жүргізілді. ҚазҰМУ білім алған түлектерден Жамбыл облысы бойынша 78 маман бөлінді. Оларға жұмысқа орналасуға кепілдік хаттар тапсырылды.
Сонымен қатар, ҚазҰМУ колледждің кабинеттерін интерактивті жабдықтармен – симуляциялық манекендермен және тренажерлармен жабдықтады. Олардың ішінде жаңа туған нәрестені күтуге және бақылауға арналған манекен, күтім дағдыларын үйретуге арналған манекен, толық метражды Кейко манекені және Пироговтың интерактивті анатомиялық үстелі бар.
Сондай-ақ ҚазҰМУ қызметкерлері өңірдің 262 дәрігеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізді. Олар үшін «Денсаулық сақтау жүйесіндегі коммуникативтік дағдылар», «Сапаны жалпы басқару», «Дәлелді мейіргерлік практика және мейіргер ісіндегі зерттеулер (мейіргерлер)», «Бас және аға мейіргерлерге арналған мейіргерлік реформа шеңберіндегі менеджмент (бас және аға мейіргерлер)» және «Жүкті әйелдер мен кішкентай балаларға (дәрігерлер, мейіргерлер) патронаждың әмбебап прогрессивті моделі» сияқты курстар өткізілді.
Сонымен қатар, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының доценті. м.ғ.к. Садықова Сәуле Сейсембайқызы Жамбыл облысының медицина қызметкерлеріне арналған «Коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу, ковидтен кейінгі синдромды емдеу» семинар-тренингін өткізді. Семинар тренингіне барлығы 119 тыңдаушы қатысты. Оған өңірдің емдеу-алдын алу ұйымдарының инфекционистері, анестезиолог-реаниматологтар, жалпы практика дәрігерлері пульмонологтар, эндокринологтар, кардиологтар қатысты.
ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожинның пікірінше, ынтымақтастық барлық тараптар үшін өте тиімді. Университеттің колледж оқытушылары үшін докторантурада оқуын ұйымдастыруға, оқу процесіне жаңа технологияларды енгізуге қабілеті бар. Бұл дегеніміз – Жапонияның және басқа да дамыған елдердің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста бола отырып, Жамбылдық педагогтер мен дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін сол жерге жіберуге мүмкіндік жасау.
«Жұмыстың оңтайлануына қарай басқа да мүмкіндіктер пайда болады», — деп түйіндеді сөзін Талғат Нұрғожин.
ҚазҰМУ 2022 жылы оқу-өндірістік жабдықтарды сатып алуға, білім беру гранттарына, оқытушылардың біліктілігін арттыруға, академиялық ұтқырлыққа және колледжді электрондық деректер базасына қол жеткізуді қамтамасыз етуге шамамен 67 миллион теңгеден астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр.