Х. Досмұхамедов атындағы «қоғамдық денсаулық сақтау» мектебі Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «сыбайлас жемқорлық жоқ!»
30 қараша 2022 ж. «Қоғамдық денсаулық», «Нутрициология» «Эпидемиология» кафедраларының эдвайзер, кураторлары ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы медицина» мамандығының студенттері қатысқан маңызды шара өткізілді.
Шара барысында бағдарламаға сәйкес «Әлем бойынша және Қазақстан Республикасы бойынша сыбайлас жемқорлық», «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің білім алушысының академиялық адалдық Кодексі» тақырыптарындағы презентацияларымен «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің 4 курс студенттері пара беру, сыйақы түрлері, пара алу жазалары, жемқорлық туралы фактілерді ұсынды. Сондай-ақ, студенттер арасында білім алушының академиялық адалдық Кодексіне негізделген, емтихан не сабақ барысындағы академиялық адалдықтың қағида бұзушылықтары орын алған ситуациялық есептермен жазалау шаралары туралы айрықша ойындар ойнатылды. Шара аясында Х.Досмухаммедов атындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің декан орынбасары Авгамбаева Н.Н., Медициналық құқық кафедрасының меңгерушісі Богатырева Л.Б. осы шараға қатысты өз пікірлерін білдірді.
Шара соңында шараға қатысқан белсенді студенттер сыйлықтармен марапатталып, ҚазҰМУ-нің «Әлеуметтік-тәрбие жұмыс департаментінің» маманы Махамбетов А.Т. әрқашан білімді маман, білікті қазақстандық азамат ретінде жемқорлыққа қатысты дұрыс шешім қабылдауға шақырды.