Жас алматылықтар энергетикалық сусындардан кейін инфарктпен ауруханаға түсуде
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, Алматы қалалық кардиология орталығының директоры Алматы Қодасбаев 26 жылдан астам тәжірибесі бар кардихирург, АММИ бірінші қазақ бөлімінің түлегі. Жыл сайын қалалық жүрек орталығы науқастарға шұғыл интервенциялық көмек көрсету арқылы 15 мыңнан аса адамның өмірін сақтап қалады. Алмат Қодасбаев өзін маман ретінде мазалайтын ойларымен бөлісті.
Қазақстандық кардиологтар хирургиялық көмек көрсету саласының соңғы технологияларын меңгерген. Қазір олар Rotablator құрылғысын пайдаланады, бұл жүрек тамырларындағы кальциленген бляшкаларды жоюға арналған алмаздалған бормашина. Орнатылған стенттің сапасын бағалау үшін тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу қолданылады. Дененің плюс 18 градусқа дейін салқындауымен жүректің толық тоқтауы барысында кардиохирургиялық операциялар енгізілді. Тіпті антестезия деңгейін бақылау үшін церебральды қан айналымын интероперациялық бағалау қолданылады.
Өкінішке орай, науқастардың өздері зиянды әдеттерден бас тартуға асықпай денсаулықтары сыр береді.
«Қазір жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары жасаруда. Біздің негізгі контингент 60-70 жастан асқан, бірақ соңғы уақытта жүрек ауруының әртүрлі формалары бар науқастар жиі кездесе бастады. Негізгісі – артериялық гипертензия – мұнда жоғары цифрлар. Тағы бірі инфаркт – бұл стресстен, эмоционалды жүктемеден, зиянды сусындарды шамадан тыс тұтынудан ағзаның шамадан тыс жүктелуінің салдары. Бізге энергетикалық сусындарды тұтынудан пайда болған әртүрлі жүрек ауытқуларымен де келеді», – дейді Алмат Кодасбаев.
Өкініштісі, энергетикалық сусындардың жүрекке әсері туралы ғылыми зерттеулерге жеткілікті көңіл бөлінбейді, – деп шағымданды маман.
«Өндірушілер оны ағзаға зиянды сусын деп санамайды. Науқастар анамнез кезінде энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынғанын айтады. Олардың жүрек көрсеткіштері өзгерген, жалпы патология бар. Энергетикалық сусындарға тыйым салынбайды, дегенмен, денсаулығын күтетін әрбір адам жақсы жарнамаға қарамастан бұл сусындардың ағзаға зиянды екенін түсінуі шарт», – дейді кардиохирург.
Маман мұндай жаман әдеттерден бас тартуға, салауатты өмір салтын ұстануға, тұтынатын тағамдардың сапасын қатаң бақылауға кеңес береді.
«Бала кездеріңізден денсаулықты сақтаңыздар. Қалыпты тамақтану, қалыпты жұмыс және демалыс режимі. Сонда ғана жүрегіңіз ғарышкердікіндей болмақ. Тұрақты қан қысымы, тұрақты импульс, қалыпты диапазондағы биохимиялық көрсеткіштер. Ғарышкерлердің денсаулығы осындай», – деп түсіндірді кардиохирург.