Қазақстанда көзді трансплатациялауға мүмкіндік туды
Енді елімізде көзді трансплатациялауға мүмкіндік туды. АҚШ-тан жеткізілетін донорлық тіндер 300-ден астам адамға қайта көруге мүмкіндік бермек. Шет елдерде қырауар қаражат тұратын отаны әркімнің қалатасы көтере бермейді. Сондықтан бірнеше жылдан бері мұндай дертпен арпалысқандар енді кезекке тұруда.
Күн санап жанарының сөніп бара жатқанын сезген Назипа Ғайыпова осы уақытқа дейін қатты күйзелгенін айтады. Дәрігерлер қасаң қабақтың дистрофиясы деген диагнозды қойған кезде өзін қоярға жер таппапты. Себебі, елімізде мұндай отаның жасалмайтынын түсінген. Ал шет елде жасату қыруар қаражатқа келіп тіреледі.
НӘЗИПА ҒАЙЫПОВА, Науқас:
– Кеше операция істеді, сәтті өтті. 48-49 жасымда бір очки алуға барғанмын поликлиникаға. Сонда жас врач айтады, апай сізге очки керек емес, көзіңіздің бәрі әппақ деп. Институтқа бардым онда бұл неизлечимый, соңында соқыр боласың. Содан кейін менің өмір сүргім де келмей кетті шынымды айтсам.
Мұндай отаны елімізде 2015 жылға дейін жасап келген. Мәйіттердің тіндері донор ретінде пайдаланылған. Бірақ қайтыс болғандардың ағзаларын трансплатациялау тоқтағаннан кейін мұндай ота жасалмайтын болған. Ал енді АҚШ-тың мамандарымен келісіп, жаңа технология бойынша 14 күнге дейін сақталатын донорлық қабақтармен ота жасау қайта басталды.
МАРАТ ШОРАНОВ, Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры:
– Ертең осы технологияларды біздің науқастар шетелге шықпай, өз қалаларынан шықпай сол тұрған жерінде алуға мүмкіндік ала алады. Бізде қазіргі таңда Қазақстанда барлық мүмкіндіктер бар, құрал-жабдық жақтан толық қамтамасыз етілгенбіз, мамандарымыздың білімдері өте жоғары. Негізінен қасаң қабақты трансплатациялау ең күрделі оталардың бірі. «Қазақстан халқына» қоры донорлық ағзаны әкелуге 373 миллион теңге көлемінде қаражат бөлген. Енді алдағы екі жылдың ішінде 304 адамға көру мүмкіндігі беріледі. Ал ұзақтығы бір сағатқа созылатын операция қазірдің өзінді бірнеше жанға жасалған.