С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ QS STARS рейтингісінде
QS Stars С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне 3 жұлдыз мәртебесін берді.
QS Stars сегіз санаттағы 30 индикатор бойынша өткізіледі.
С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ QS деректері 2 санат бойынша 5 жұлдызға ие болды. Оларға «оқыту» және «жұмысқа орналастыру» санаттары жатады.. «Интернационалдандыру» бойынша 4 жұлдыз берілді. Бұл категориялар оқу орны үшін өте маңызды, өйткені олар университет қызметінің негізгі мәнін қамтиды. «Оқыту» санатында студенттердің профессорлық-оқытушылық құрамына арақатынасы, жалпы студенттердің білім сапасына қанағаттануы, сондай-ақ олардың алдағы жылдары магистратура және докторантура бағдарламаларында оқуын жалғастыруға ниеті бағаланады.