С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедраларына доценті лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Ұйымның мекен жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі 94,
Бос лауазымның атауы: Кафедра доценті
1. Анестезиология және реаниматология кафедрасы– 1,0 бірлік;
Лауазымдық жалақысы: 312 000 тенге + ғылыми дәреже үшін қосымша ақы.
Доцент лауазымының міндеттерінің қысқаша сипаттамасы:
Жетекшілік ететін пәндер бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмысты
жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады; ғылыми-зерттеу
жұмысына қатысады; оқу сабақтарының барлық түрлерін жүргізеді,
магистранттардың курстық және дипломдық жобалары мен ғылыми-зерттеу
жұмыстарына басшылық жасайды; оқытылатын пәндер бойынша жұмыс
бағдарламаларын әзірлейді; жетекшілік ететін пәндерді әдістемелік қамтамасыз
етуді әзірлейді; біліктілікті арттыруға және жаңа бастаған оқытушыларға
оқытушылық шеберлік пен кәсіби қасиеттерді меңгеруде әдістемелік көмек
көрсетеді; бөлімшенің мамандануы бойынша оқушылармен кәсіптік бағдарлауды
ұйымдастырады және онымен айналысады; оқу жылы ішінде 15 сағат көлемінде
міндетті прокторлық сағаттарды орындайды; ғылыми-техникалық, әлеуметтік-
гуманитарлық, экономикалық және құқықтық білімді насихаттауға қатысады;
студенттердің тәрбие жұмысына қатысады; емдеу-алдын алу жұмыстарын
жүргізеді (аралауға қатысады, науқастарға кеңес береді, жетекшілік ететін
пациенттерді емдеу процесіне дербес жауапты болады); жеке жоспардың
орындалуы туралы есепті дайындайды және ұсынады; білім алушылардың еңбекті
қорғау және техника қауіпсіздігі, өнеркәсіптік санитария және өртке қарсы
қауіпсіздік қағидаларын және т. б. орындауын бақылайды.
Доцент лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
1.Жоғары білімнің болуы;
2.Ғылыми дәрежесінің немесе философия (PhD)/бейіні бойынша докторы
академиялық дәрежесінің болуы;
3.Мамандығы бойынша кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық өтілінің болуы;
4.Клиникалық кафедралар үшін – кафедрада оқытылатын пәндер бейіні бойынша
маман сертификатфнфң болуы (жеке тұлғаға нақты мамандық бойынша
медициналық қызметі жүзеге асыруға құқық беретін уәкулетті мемлекеттік орган
берген белгіленген үлгідегі құжат) және медициналық мекеменің штаттық
құрамында болуы;
5.Теориялық кафедралар үшін – соңғы бес жылда ішінде оқытылатын пәндер
бейініне сәйкес біліктілікті арттыру туралы сертификатының (куәлігінің) болуы;
6.Соңғы бес жылда педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілігін арттыру
туралы сертификаттың болуы (36 сағаттан кем емес көлемде);
7.Мемлекеттік және/немесе орыс және/немесе ағылшын тілін сәйкесінше тіл
топтарында оқу сабақтарын жүргізу үшін кәсіби деңгейде білу. Мүмкіндігінше
TOEFL-525, IELTS – 5,5, Ұлттық тестілеу орталығының – 75деңгейінде
сертификатының немесе шетел ЖОО-ның ағылшын тілінде білім туралы
дипломының болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1. Фотосуреті бар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;
2. ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты. Қандастар
жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады (көшірмесі);
3. Шетелдік азаматтар ҚР-да тұруға ықтияр хаты немесе азаматтығы жоқ адамның
куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар
үшін);
4. Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы, ғылыми
дәрежелер мен ғылыми атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Психиятрия, наркология диспансерлерінен есепте тұрмайтын туралы анықтама;
6. № 075/у «медициналық анықтама» нысаны, флюорография;
7. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе
болмауы туралы анықтама;
8. Соттылығының жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;
9.Соңғы бес жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктері) (сертификаттардың
көшірмелері, негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың
тізімі және т. б.)
10. Оқу бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы – пәнді оқыту әдістемесі
(электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын, регламент – 7 минутқа дейін).
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7
кунтізбелік күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104
кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша жүзеге
асырылады [email protected], [email protected]
Анықтама телефоны: 3387080 ішкі. 7080, 7024, 7023,7021, 7236