Алматы және Астана қалалары – Қазақстандағы аз қозғалысты өмір салтының көшбасшылары
Ғалымдар қазақстандықтардың отырған күйде қанша уақыт өткізетінін анықтады.
Қазіргі заманауи әлемде қоғамдық денсаулыққа айтарлықтай әсер ететін аз қозғалысты өмір салты белең алуда. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғалымдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасындағы дербестендірілген және профилактикалық медицина» Ұлт денсаулығын зерттеу жөніндегі ауқымды бастамасы аясында Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында тұратын 20 400 адамның дене белсенділігіне талдау жүргізді.
Зерттеудің мақсаты халықтың физикалық белсенділігінің әртүрлі аспектілерін және аз қозғалысты өмір салтының таралуын зерттеу болды. Деректер әртүрлі жас топтары мен ел аймақтарын қамтитын сауалнама арқылы жиналды.
Зерттеу нәтижесінде Алматы Қазақстанның басқа өңірлері арасында күніне отыру күйінде болатын ең ұзақ уақытпен ерекшеленетіні анықталды. Әйелдер арасында бұл көрсеткіш күніне орта есеппен 370 минутты құраса, ерлер арасында бұл көрсеткіш 360 минутты құрайды. Алматы тұрғындары өз уақытының едәуір бөлігін белсенді физикалық жүктемелерсіз өткізеді, бұл жұмыс сипатына, өмір салтына, сондай-ақ урбанизацияға және көлік құралдарының қолжетімділігіне байланысты болуы мүмкін.
Спектрдің екінші жағында Атырау облысы орналасқан, онда отыруға жұмсалатын ең аз орташа уақыт – әйелдер үшін 215 минут, ерлер үшін 207 минут. Бұл аймақ өз тұрғындарының белсенді өмір салтымен немесе физикалық белсенділікті қажет ететін жұмыс сипатымен ерекшеленеді.
Қазақстанның басқа аймақтарының да аз қозғалысты өмір салтында айтарлықтай айырмашылықтар байқалады. Мәселен, Астанада отырудың орташа уақыты 352 минутты құрайды, бұл Алматыға ұқсас урбанизацияланған және аз белсенді өмір салтын көрсетеді. Бұл ретте, Қызылорда облысы сияқты өңірлерде отыру күйіндегі орташа уақыт тәулігіне 205 минутты, ал Түркістан облысында 228 минутты құрайды, бұл өмірдің белсендірек екенін көрсетеді.
Бос уақыттағы белсенділік пен қозғалыс
Сонымен қатар ғалымдар жұмыстан тыс уақыттағы белсенділікті де зерттеді. Алматылықтар бос уақытында серуендеп, велосипед тебумен белсенді айналысатыны белгілі болды. Қала халқының 72%-ы негізгі көлік құралы ретінде жаяу немесе велосипедпен жүруді қалайды, бұл елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Бұл халықтың белсенді өмір салтын қалыптастырудағы қалалық инфрақұрылымның рөлін көрсететін еліміздегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Астанада белсенді қозғалыс деңгейі төмен (61,1%) болса да, бұл қала тұрғындарының өмірінде жаяу және велосипедпен жүрудің маңызды рөлін көрсетеді, бұл қала инфрақұрылымына, қозғалыс мәдениетіне және өңірлік климаттық жағдайларына байланысты болуы ықтимал.
Зерттеу барысында әсіресе 18-29 жас аралығындағы жастардың бос уақытындағы белсенділіккке ерекше назар аударылды. Бұл топ олардың динамикалық өмір салтын және физикалық және әлеуметтік дамуға деген ұмтылысын көрсететін б елсенділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Астана мен Алматы қалалары жастардың жаяу жүру және велосипед тебу сияқты белсенді қозғалыс түрлерін таңдауымен ерекшеленеді.
Керісінше, Ақтөбе облысында қозғалыста да, бос уақытта да физикалық белсенділіктің ең төменгі көрсеткіштері аңғарылады, халықтың 49,3% ғана қозғалыстың белсенді түрлерін қалайды. Бұл жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған инфрақұрылымның жеткіліксіздігін, сондай-ақ аймақтағы көлікке бағытталған қозғалыс үлгісін көрсетуі мүмкін. Бос уақыттағы белсенділіктің ең төмен деңгейі егде жастағы топтар арасында, әсіресе Ақтөбе облысында тіркелді, бұл белсенді демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасау және ыңғайлы және қауіпсіз қозғалыс үшін инфрақұрылымды жақсарту қажеттілігін көрсетеді.
«Жасына және тұрғылықты жеріне қарамастан, әр адам өзінің күнделікті режиміне физикалық белсенділікті қосуы маңызды болмақ. Бұл таза ауада серуендеу, жаттығу залына бару, жүзу, велосипед тебу немесе тіпті үйде қарапайым жаттығулар болуы мүмкін. Жақын жерлерге серуендеуге немесе велосипедпен жүруге артықшылық беру керек. Бұл физикалық жағдайларыңызды жақсартып қана қоймай, сонымен қатар қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге көмектеседі. Егде жастағы адамдардың белсенді өмір салтын ұстануы өте маңызды, өйткені бұл жасқа байланысты көптеген аурулар қаупін азайтуға және жалпы өмір сапасын жақсартуға көмектеседі» – Б. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Салиев Тимур.