ҚазҰМУ ғалымы «Алтын шипагер» ұлттық медициналық сыйлығының иегері атанды
Астана қаласында 14 желтоқсанда «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында «ДЕНІ САУ ҰЛТ» Ұлттық медициналық саммиті өтті, сонымен қатар «Altyn shipager» ұлттық медициналық сыйлығы табысталды.
Медицина қызметкері күнін мерекелеуге арналған іс-шараны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ALTYN SHIPAGER Ұлттық медицина сыйлығын ұйымдастыру комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.
Саммиттің мақсаты мен миссиясы – адамның өмір сүру ұзақтығын ұлғайту және медициналық қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі ұлттық идеяға қол жеткізуге, медициналық қоғамдастықтың жеке және мемлекеттік секторларының өкілдері үшін коммуникациялық алаң құру, медицина саласының қызметкерлерін қолдау және ынталандыру, отандық медицина және медициналық туризм саласындағы инвестицияларды өсіруді ынталандыруға үлес қосу болып табылады.
Медициналық саммит барысында дәрілік заттарды, медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушілер, импорттаушылар мен дистрибьюторлар, фармацевтикалық компаниялар, медициналық мекемелердің, медицина саласында жұмыс істейтін мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми институттар, лабораториялар және т.б. қатысуымен республикалық ауқымдағы көрме өтті.
Көрмемен танысу барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жас ғалымдарды қолдауда С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қосқан зор үлесін атап өтті.
«Жас ғалымдар форумын (Asfen.Forum) жас ғалымдарды мүмкіндігінше тарту үшін масштабтау қажет», – деп атап өтті Ажар Ғиният.
Денсаулық сақтау министрі ҚазҰМУ университетінің өкілдеріне денсаулық сақтау саласына қосқан ерекше үлесі үшін алғыс хат табыс етті.
Саммит күні жыл сайынғы «Altyn shipager» ұлттық медициналық сыйлығы табысталды. ҚазҰМУ университетінен түрлі номинациялар бойынша республикалық байқаудың финалистері: Смаилова Дариға Сансызбайқызы – ҚазҰМУ ғылым департаментінің басшысы, оқытушы Қожанова Қалданай Қаржауқызы және Атчабаров атындағы ҒЗИ бастығының орынбасары Фахрадиев Ильдар Рафисұлы.
Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым номинациясындағы барлық финалистердің ішінен Фахрадиев Ильдар «Altyn shipager» сыйлығының иегері атанды.