Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесі ашылды
Медициналық-санитарлық орталық Еуропа мен Азия аумағында орналасқан 53 мемлекеттегі шараларды үйлестіруге қауқарлы.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Жужанна Якабты Алматыдағы жаңа кеңсенің ашылуымен құттықтады.
Г.Әбдіқалықова халықаралық ұйым бастамасымен қолға алынған медициналық-санитарлық орталықтың ашылуын «Қазақстан медицинасына берілген жоғары баға»,- деді.
Кеңсе алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша Еуропа мен Азия аумағындағы 53 мемлекеттегі шараларды үйлестіруге қауқарлы.
Сондай-ақ, орталық шетелдің озық тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік береді.
Әлия ӘШІМ