«Қан қысымыңды өлше!» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті
Алматы қаласы Арбат алаңында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – інің КазМСА студентік ұйымының студенттері Дүниежүзілік Жүрек күні қарсаңында «Қан қысымыңды өлше» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Қазіргі таңда Әлемдік мәселеге айналған Жүрек қан тамыр ауруларының алдын алу мақсатында 2015 жылы 27 қыркүйекте Арбат алаңында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ–інің КазМСА ұйымының студенттерімен Дүниежүзілік Жүрек күні қарсаңында «Қан қысымыңды өлше!» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға студеттік ұйымның, Нутрициология кафедрасының, Шет елдің (Үндістан) студенттері және Нутрициология кафедрасының мұғалімдері белсене атсалысты.
Аталмыш іс-шара студенттердің флешмоб биімен салтанатты түрде ашылды. Арнайы орынға «Қан қысымыңды өлше» деген жазулы баннерлер ілініп, шарлармен безендірілді. Шарада брошюралар таратылды. Студенттер тұрғындардың артериялық қан қысымын өлшеп, ал Нутрициология кафедрасының мұғалімдері салауатты тамақтануды насихаттады. Сонымен қатар белсенділер түрлі спорттық жаттығулар жасап, тұрғындарды Салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Екі сағатқа жалғасқан іс-шара соңында қала тұрғындары тағыда осындай акциялардың өткізілуін сұрап, студенттермен бірге сүретке түсіп, өз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Белоруссиядан келген қала қонағы Ирина Красницкая студент-дәрігерлердің мұндай акция өткізуін мақтанарлық жайт деп, біздің Жергілікті комитетке табыстар тіледі.
Өткен іс-шараға көмектескені үшін Нутрициология кафедрасы мұғалімдері Қайнарбекова Майгүл Сейдоллақызы, Қожахметова Айгүл Нағашбекқызы және Нұржанова Қуаныш Сабыржанқызына ризашылығымызды білдіреміз. Шынгысбаев Лескен Сейдыгалымович алғысымызды білдіреміз
Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту бөлімі