Қазақ ұлттық медицина университетінде ауқымды оқу-жаттығулар өтті
Қазақ ұлттық медицина университетінің аумағында ауқымды арнайы тактикалық оқу-жаттығулары өтті, оған ҚазҰМУ жедел-құтқару жасағы, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Апаттар медицинасы орталығы» Алматы қаласы бойынша филиалы, Қызыл жарты ай, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Құтқару қызметі, Республикалық жедел құтқару жасағы қатысты.
ҚазҰМУ аумағында Қызыл жарты ай және Алматы қаласы әкімдігінің Құтқару орталығының шатырлары, Апаттар медицинасы орталығы филиалының модульдік ауруханасы орналастырылды.
Сағат 10.00 қалалық сирена дабыл сигналы берілді. ҚазҰМУ аумағында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша іс-қимылдарға дайындықтан өтті.
Өткізілген іс-шаралар:
студенттерді эвакуациялау
зардап шеккендерді №7 ғимараттың шатырынан түсіру
өрт сөндіру демонстрациясы.
Ибн-Сина алаңында зардап шеккендерді бөлу және зардап шеккендерге психологиялық және медициналық көмек көрсету ұйымдастырылды.
Бұған дейін Қалалық кардиологиялық орталық пен №1 қалалық перзентханада оқу-жаттығу аясында төтенше жағдайлар кезіндегі медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттері пысықталды.
Оқу-жаттығуларды Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің көмегімен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы денсаулық сақтау басқармасы, ҚазҰМУ және Ұлттық медицина қауымдастығымен ұйымдастырылды.
Сондай-ақ Университет базасында ҚазҰМУ әскери дәрігерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, су тасқынынан зардап шеккендерге ынтымақтастық пен қолдау белгісі ретінде «Біз біргеміз! Мы вместе!» флешмобы ұйымдастырылды.
Дәл бүгін Қазақ ұлттық медицина университеті «Өмір үшін интеграция» атты форум ұйымдастырды. ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов құттықтау сөзін арнады. Сондай-ақ Ресей мен Қытайдан келген дәрігерлер, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Ұлттық медицина қауымдастығының, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің, Алматы әкімдігінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Қырғызстанның Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан-Ресей медицина университеті, И.И.Джанелидзе атындағы Санкт-Петербург жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институты өкілдері сөз сөйледі.
Баяндамалар Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлар кезіндегі тәжірибесіне, Қырғызстан, Қытай және Ресейдегі төтенше жағдайлар кезіндегі әскери дәрігерлердің тәжірибесі және Алматы әуежайы аумағында жедел құтқару жұмыстарын жүргізуге арналды.
ҚазҰМУ – Қазақстандағы ең ірі медициналық университеттердің бірі. Университет құрамына университеттік клиникалар мен ірі ғылыми орталықтар кіреді. Алматыда 147 клиникалық пункт бар. Қазақ ұлттық медицина у ниверситетінде 15 мыңнан астам студент білім алады. Олар 89 білім беру бағдарламасы бойынша 9 мектеп пен 45 кафедрада оқытылады. Шетелдік және қазақстандық жетекші университеттермен бірлескен 9 білім беру бағдарламасы бар. Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 99 пайыздан асады.