Ректор Марат Шаранов бастаған ҚазҰМУ қызметкерлері дәрігерлер шыңын бағындырып 3578 метр биіктікте орындық орнатты
15 маусымда медицина қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында Марат Шорановтың бастамасымен Алматы тауларында дәрігерлер шыңына көтерілу және атақты шыңды бағындыратындардың барлығына арналған ескерткіш орындық орнатылды. Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің басшылығы мен қызметкерлері дәрігерлер шыңына көтерілуді ұйымдастырды. Биіктігі теңіз деңгейінен 3578 метр болатын дәрігерлер шыңында ҚазҰМУ-дың бірінші ректоры – Санжар Асфендияровтың 135 жылдығына арналған тақтайшасы бар орындық орнатты.
“Біз жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттауға көп көңіл бөлеміз, бүгін бізбен бірге медицина шыңына студенттер көтерілді, ҚазҰМУ-дан естелік орындық бұл шыңды алғаш рет бағындырған университет түлектеріне құрмет белгісі болғанын қалаймыз. Бүгін өткен ғасырдың 60-жылдарынан бері алғаш рет мұнда медицина қызметкерлері мен болашақ дәрігерлер көтерілді. Біздің туристерге арналған орындықтарды орнату челленджі өз жалғасын табады деп сеніміз», – деді ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.
Бұл шыңның биіктігі – 3578 метр. Горельник жотасында, Кіші Алматы шатқалының су алабында және Мыңжылқы шыңының солтүстігінде орналасқан. Дәрігерлер шыңы атауы өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында Алматы мемлекеттік медицина институтының (АММИ), қазіргі С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ альпинистер секциясының студенттері көтерілгеннен кейін берілген.