НАО «Казахский Национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова» объявляет о проведении отбора кандидатов на вакантные должности: №4,5 Жатақхана меңгерушісі
Бос лауазымның атауы: №4,5 Жатақхана меңгерушісі – 1 бірлік.
Негізгі біліктілік талаптары: жоғары және орта арнайы білімі, тәжрибесі 1 жылдан аз емес.
Лауазымдық міндеттері:
- Қызметкерлердің еңбек, орындаушылық және технологиялық тәртіпті, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауын бақылау;
– Жатақхананың қызметкерлерінің жұмысын бақылау;
– Жатақханаға жаңа қоныстанған және жатақханадан шығатын студенттердің уақытысында және дұрыс тіркелуін бақылау;
– Ғимаратты тазалауды ұйымдастыру және көпшілік қолданатын орындардағы тазалықтың сақталуын бақылау;
– Жатақхананың электр желісінің, байланыс құралдарының, су құбырының, канализациясының және басқада жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуін бақылау;
– Керек-жарақтарды, төсек жабдықтарды және басқада қажетті мүліктерді беруді және қабылдауды қамтамасыз ету;
– Жатақханадан шыққандарды кету парақтарына белгілеу және қарыздардың жоқтығы туралы анықтама беру;
– Қолда бар мүлікті есепке алу, мүлікті мерзімді тексеру және оның сақталуын қамтамасыз ету;
– Қажет болған жағдайда жатақханада тұратындар бүлдірген немесе жоғалған материалдық құндылықтарды есептен шығару актілерін жасау, кінәлі тұлғалардан олардың құнын өтеп алу құжаттарын ресімдеу;
Болжамды жалақы: 180000 – 238000 теңге.
Түйіндемені қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырылады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7023 телефоны арқылы алуға болады.