«Сүйектер бойынша жинаймыз» – травматолог дәрігер, ҚазҰМУ түлегі мопедтер мен скутерлермен болған ЖКО-ның ауыр салдары туралы айтып берді
Қазақстанда екі дөңгелекті көлік саны қарқынды өсіп келеді. Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін мопедтер мен электр скутерлері жол қозғалысына үйреншікті қатысушыларға айналды. Ел билігі осындай көлік жүргізушілеріне жолдардағы апаттар санын азайту үшін түрлі ережелер, талаптар мен шектеулер енгізуде. Алайда, дәрігерлердің статистикасына қарағанда, скутерлер мен мопедтердің, сондай-ақ оларда зардап шеккен жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің ЖКО-сы азаймай отыр. Біз Алматыдағы № 4 ГКБ ірі клиникалық ауруханаларының бірінде болдық. Мұнда негізінен ауыр жағдайдағы науқастар жеткізіліп және ЖКО зардап шеккендерді осы медициналық ұйымның травматологтары аяқтарынан қалай тұрғызып жатқанын білдік.
Клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінде күнделікті көптеген адамдардың тұруы: ұзақ тіркеу тіреулері мен травматологтар жұмыс істейтін кабинеттер қаладағы апаттық жағдайдың көптігін көрсетеді. Барлық пациенттердің шамамен үштен бірі – апаттан зардап шеккендер. Қабылдау бөлімшесінің дәрігер-травматологы Елнұр Оңғаровтың айтуынша, бұл ауруханаға күніне мопедтер мен скутерлермен ЖКО-дан зардап шеккен 10-нан 20-ға дейін адам келіп түседі. Мұндай апаттардың салдары мүгедектікке және өлімге әкеледі, – дейді травматолог маман.
«Жақында ғана бір-екі ай бұрын 30 жасқа толған науқас келіп түсті. Мопедпен Toyota Land Cruiser машинасының астында қалған. Сынықтар көп, жалпы адамның 200-ден астам сүйегі болса, оның 70-ке жуық сүйегі сынған. Ол қазірдің өзінде есінен танып, клиникалық өлім кезеңінде деп айтуға болады. Ол кешкі сағат алтыда келіп түсті. Бізде ереже бойынша мен бұл науқасты алған болсам, онда мен оны операциялық бөлмеге дейін алып барамын және одан әрі онымен айналысамын. Таңғы сағат 5-ге дейін оны құтқару операциясында жүрдім. Операциялық бөлмеде 11 сағат болдық. Оның басы, кеуде клеткасы, аяқ-қолдары, жамбас, құрсақ мүшелерінің жарылғаны анықталды. Сүйектерді жинап, хирургтер қатар операция жасады. Пациент аман қалды. Таңертең сағат 7-де көзін ашқанына қатты қуандым «, – деді жас травматолог.
Дәрігердің айтуынша, зардап шеккендердің жағдайына қарамастан, тіпті биологиялық өлімнің айқын белгілеріне қарамастан, пациенттерді құтқарып қалуға барынша тырысады.
«Кезекшіліктің біріне өте ауыр науқас түскені есімде. Біз оны арбамен реанимацияға апарып жатқанда жүрегі тоқтап қалды. Мен бірден оған секіріп, оны алып шығу үшін жүрекке массаж жасай бастадым. Бірақ ешқандай нәтижесіз болмады «, – дейді Елнұр Оңғаров.
Дәрігердің есебі бойынша, мопедтер мен скутерлермен болған ЖКО-дан зардап шеккендердің саны ұдайы өсіп келеді. Біз ауруханаға келгенде қабылдау бөліміне тізе жарақаты бар пациент келіп түсті. Ер адам скутермен келе жатып, шұңқырды байқамай, төңкеріліп, бар салмағымен тіземен құлаған. Рентген түсірілімі тізе тостағанының сынғанын, ал көзбен шолып қарау – тізе ішінде қанның қою жиналғанын көрсетті. Диагностикадан кейін бірден пациент тізесінен қан сорылып, ауруханаға жатқызылды, жақын арада оған ота жасалады, – деп қорытындылады дәрігер-травматолог.
Жас дәрігер Елнұр Оңғаров – ҚазҰМУ резидентурасының биылғы түлегі. Ол соңғы 3 жылда № 4 ГКБ-да жұмыс істейді. Бұл ауруханада белгілі дәрігер Қанат Тезекбаев басқаратын ҚазҰМУ-дың травматология кафедрасы орналасқан. Елнұр Оңғаров мопедтер мен скутерлердің ЖКО мәселесіне қазақстандықтардың назарын аудару үшін әлеуметтік желілерде клиникалық қызықты оқиғалармен белсенді түрде бөліседі. Дәрігер жиі жариялайтын кадрларды жүрегі нашар адамдарға көруге болмайды.
https://www.instagram.com/reel/CyiEiVsN1Do/?igsh=bW4xNzhkczN0ajk4
Еліміздің жетекші медициналық жоғары оқу орны сұранысқа ие мамандықтар бойынша осындай резиденттер даярлайды. Олардың 90% -ы мемлекеттік грант, жергілікті атқарушы органдардың немесе медициналық ұйымдардың тапсырысы бойынша оқиды. Алматы және Алматы облысының 149 медициналық ұйымдарының клиникалық базаларында 46 білім беру бағдарламасы бойынша резиденттер даярланады. Түлектерді жұмысқа орналастыру деңгейі 100%-ға жуық.