«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға кандидаттардың ізденісін жариялайды
Бос лауазымның атауы:
Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау орталығының бас ғылыми қызметкері – 1 бірлік.
Негізгі талаптары:
- Жоғары білімнің болуы (медициналық/фармациялық).
- Философия докторының (PhD) немесе ғылыми дәрежесінің (ғылым докторы/кандидаты) болуы;
- Денсаулық сақтау саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Келесі құзыреттердің болуы:
- Тиісті клиникалық және зертханалық тәжірибенің (GLP және GCP) жарамды сертификатының болуы;
- Жарияланымдардың болуы:
Science Citation Index expanded Web of Science дерекқорында индекстелетін кемінде 5 (бес) мақала және (немесе) шолулар және (немесе) Scopus базасында citescore бойынша процентилі кемінде 35 (отыз бес) бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда және/немесе Scopus базасында Хирш индексі 2 болуы;
- Атқаратын лауазымы шеңберінде мамандығы бойынша Мемлекеттік (шет) тілді толыққанды қолдану, іскерлік келіссөздер жүргізу және құжаттамамен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін кәсіби деңгейде мемлекеттік тілді және неғұрлым кең таралған шет тілдерінің бірін меңгерген жөн;
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7022 телефоны арқылы алуға болады.