С.Ж. Асфендияровтың сара жолы
Химия кафедрасының оқытушылары Балпанова Д.Т., Алдибекова Г.А, Куксина И.А., Фа23-001, Фа23-002, Фа23-004 р топтарының студенттерімен кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты ұлы тұлғаларымыздың ұлағатты істері мен өмір жолын үлгі тұта отырып, өскелең ұрпақтың бойына ізгілікпен, адамгершілікті дарыту, асыл мұрат жолында қайтбас руықты қалыптастыру.
Қазақстандағы ғылымның қалыптасып, даму кезеңдерінде ғылымға өшпес із қалдырған ғалымдар баршылық. Солардың арасында жарық жұлдыздай жарқыраған қазақтың мәрқасқа ұлдарының бірі Санжар Асфендияров. 20- ғасырдың басындағы қазақ ғылымының қалыптасуында көптеген іргелі істерге тікелей башылық етіп, жетекшілік қызыметтер атқарды. Ол өлшеулі ғұмырында ұлтына адал қызымет етіп, артына өлшеусіз еңбектер қалдырған дара тұлға. Санжар Асфендияров 1889 жылы Ташкентте өмірге келді. Оның 135 жасқа толуына орай ұйымдастырылған бұл іс-шараның тәрбиелік маңызы зор.
Кураторлық сағат өткізу кезінде ұлы тұлғаның іргелі ғылымның әр саласына араласа отырып, белсенді қоғамдық жұмыстарменде айланысқаны туралы айтылды. Студенттер Санжар Асфендияровтың дарынды ғалым қана емес, халқының қайсар, күрескер ұлыда бола білген жан екенін түсінді, және ол кісінің өтегелі істерін өздеріне үлгі тұтатынын айытты.