«Ауыл жастарының мегаполис жағдайына бейімделуі» атты семинар-тренинг
Университетішілік гранттар аясында Студенттік ғылыми қоғамның белсенді студенттері «Ауыл жастарының мегаполис жағдайына бейімделуі» атты әлеуметтік жоба аясында 6 қараша 2015 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 1 курс студенттерімен семинар-тренинг өткізілді.Тренинг барысында студенттік ғылыми қоғамның белсенді студенттері жыныс жолдары арқылы жұғатын АИВ және ЖИТС инфекциялары және жасанды түсіктің алдын алу, гигиеналық оқыту және жыныстық тәрбие жөніндегі сұрақтарды талқылады. Тренинг интерактив түрінде, викториналық сұрақтар кою және түрлі буклектерді тарату және тақырыптық видео-роликтерді көрсету арқылы өткізілді.
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗУ-нің студенттері тақырып бойынша белсенді қатысып, тренинг өткізушілерге сұрақтарын қойды және барлық қатысушыларға «Байер» компаниясының тарату материалдары ұсынылды.
Семинар аяғында Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗУ-нің студенттері және әкімшілігі атынан тренинг өткізуші ҚазҰМУ-нің студенттеріне алғыстарын білдірді.