«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға кандидаттардың ізденісін жариялайды
Бос лауазымның атауы:
Б.А.Атчабаров атындағы ҒЗО-ның зертханасының кіші ғылыми қызметкері – 1 бірлік.
Негізгі талаптары:
- Денсаулық сақтау/биология саласында жоғары білімі болуы;
- Ғылым және денсаулық сақтау саласында 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы;
Келесі құзыреттердің болуы:
- Тиісті клиникалық және зертханалық тәжірибенің жарамды сертификатының болуы (GCP және GLP);
- Негізгі зерттеу әдістері туралы негізгі түсінік, аналитикалық дағдылар, деректермен және ғылыми көздермен жұмыс істей білу.;
- Геномика саласындағы жабдықты және жұмыс әдістерін, оның ішінде секвенсерлерді, масс-спектрометриялық анализаторларды, деректерді талдау бағдарламалық қамтамасыз етуді және т.б. білу;
- Жазбаша және ауызша коммуникативті дағдылар;
- Мемлекеттік тілді және ең көп таралған шет тілдерінің бірін (ағылшын тілін) кәсіби деңгейде меңгеру, атқаратын қызметі шеңберінде мамандығы бойынша мемлекеттік (шет) тілді толық пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету, іскерлік келіссөздер жүргізу және құжаттамамен жұмыс.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7022 телефоны арқылы алуға болады.