Ташкентте қазақтан шыққан Орта Азиядағы тұңғыш әйел-дәрігер Гүлсім Асфендияроваға арналған мемориал ашылды
Бүгін, 12 қарашада Ташкентте Орталық Азияда жоғары медициналық білімі бар алғашқы әйел-дәрігер Гүлсім Асфендияроваға арналған мемориалдық кешеннің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара Ташкент қаласы, Яшнабад ауданындағы Боткин зиратының аумағында өтті.
1880 жылы Ташкентте дүниеге келген Гүлсім Асфендиярова күллі Түркістан өңіріндегі медицина саласында ізашар болды. Ол 1908 жылы Санкт-Петербургтегі әйелдер медициналық институтын бітіріп, жоғары медициналық білімі бар алғашқы қазақ әйел болды. Гүлсім Сейітжафарқызы өзінің кәсіби қызметінде Акушерлік және гинекологияға маманы болды. Алғашқы жеке перзентхананы ашты және акушерлерді даярлау курстарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, бұл аймақтағы әйелдерге медициналық көмек деңгейін едәуір арттырды.
Ұзақ уақыт бойы оның жерленген жері белгісіз болып келді. Тек 2021 жылы «Ташкенттегі қазақтарды еске алу» тобының еріктілері оның қабірін Өзбекстан астанасының Боткин зиратынан тапты. Гүлсім Асфендиярованың тұрмыс құрмаған. Алғашқы әйел-дәрігер бүкіл өмірін дәрігерлікке және медициналық білімге арнады.
Мемориалдық кешен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің қолдауымен С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ұйымдастыруымен Санжар Асфендияровтың туғанына 135 жыл толуына орай тұрғызылды. Ескерткіштің ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени және тарихи байланыстың нығаюына үлес қосады.
Салтанатты рәсімге ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов бастаған Қазақ ұлттық медицина университетінің ресми делегациясы, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілік өкілдері және Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов, Ташкент қаласындағы жоғары оқу орындарының делегациялары және медицина саласының жетекші мамандары қатысты.
«Гүлсім мен Санжар Асфендияровтар сияқты ұлы адамдарды және олардың мұрасын есте сақтау – біздің парызымыз. Ескерткіштерді орнату – денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіру мақсатындағы жасай алатын әрекетіміздіғ аз ғана бөлігі. Біз Гүлсім Асфендиярованың тағдыры оңай емес екенін түсінеміз. Әйелдерге жоғары білім алу мүмкін болмаған кезде, Гүлсім Сейітжафарқызы ештеңеге қарамастан алға ұмтылдв. Оның жетістігі Орталық Азияның көптеген әйелдерін шабыттандырды және бүгін біз оның мұрасы туралы мақтанышпен айтамыз», – деп атап өтті ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.
«Оның есімі – Қазақстан мен Өзбекстанның Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан баға жетпес үлесін білдіреді. Оның өмірі туралы естеліктер жанқиярлық пен гуманизмнің қаншалықты маңызды екенін және бір адамның еңбегі миллиондаған адамдардың тағдырын қалай өзгерте алатынын еске салады», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов.
Гүлсім Асфендиярова мемориалының ашылуы тарихты сақтаудың және әйелдердің медицина мен жалпы қоғамның дамуына қосқан үлесін мойындаудың маңыздылығын көрсетеді.