АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ.
Педиатрия Мектебі
Профессор Н. А. Барлыбаева атындағы Балалар аурулары кафедрасы.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Педиатрия мектебі және профессор Н.А. Барлыбаева атындағы Балалар аурулары кафедрасы Сіздерді 2024 жылғы 6 желтоқсанда Алматы (Қазақстан) қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде өтетін студенттер, интерндер және педиатриялық профильдегі резиденттерге арналған «Young Pediatric Researcher-2024» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.
Конференция оффлайн режимде және қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып өтеді.
Ғылыми конференциясының мақсаты педиатриядағы жаңа ғылыми және практикалық нәтижелерді талқылау, идеялармен алмасу, бірлескен зерттеу бағыттарын іздеу және ынтымақтастықты нығайту; жастардың ғылыми әлеументін арттыру және күшейту.
Ғылыми конференциясының негізгі міндеті – педиатриядағы жас мамандардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруына арналған кеңістікті қалыптастыру және олардың қазіргі педиатрияның өзекті мәселелерін шешуге қатысуы, сонымен қатар ғылыми жұмыстарын жариялау үшін тамаша мүмкіндік болып табылады!
Конференцияның негізгі ғылыми бағыттары:
- Заманауи педиатриядағы клиникалық аспектілері
- Неонатологиядағы өзекті мәселелері
- Балалар анестезиологиясы мен реанимациясындағы өзекті мәселелері
- Поликлиникалық педиатриядағы өзекті мәселелері
- Балалар жұқпалы ауруларындағы өзекті мәселелері
- Балалар хирургиясындағы өзекті мәселелері
- Балалар ауруларын диагностикалаудың жаңа әдістерін қолдану
- Балалардағы аурулардың емделуі мен алдын алудағы жаңа мүмкіндіктер.
Жұмыс тілдері – қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.
Конференцияға қатысу формалары:
- Ауызша баяндама + публикация
- Тек ауызша баяндама
- Тек публикация
Ауызша баяндаманың ұзақтығы 10 минут.
Конференцияға қатысуды қалайтындар 2024 жылғы 20 қарашаға дейін тіркеу формасы (Қосымша 1) мен тезистерді мына электрондық поштаға жіберуі қажет:
[email protected]
Жоғарыда аталған пункттердің біреуі болмаған жағдайда, жарияланатын материалдар қабылданбайды.
Конференцияға қатысу тегін.
Конференция барысында «Ең үздік баяндама» конкурсы өткізіліп, I, II, III орындарға арналған сыйлықтар мен құрмет грамоталары табыс етіледі. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Конференция ұйымдастыру комитеті: Профессор Н.А. Барлыбаева атындағы Балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Гульнар Талиповна Ташенова, e-mail: [email protected], сот.тел.: +77017224051; доцент, PhD Алтынай Жеңісқызы Садыкова, e-mail: [email protected],сот.тел.:+77017316693; доцент кафедры, д.м.н Оспанова Ж.О., e-mail: [email protected]; доцент кафедры Асель Кайратқызы Тулебаева, e-mail: [email protected];
Динара Мейрамқызы Демеубаева, e-mail: [email protected].
Өтетін орны: С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті. Масанчи көшесі 38, Аудитория №4, Академиктер залында сағат 08:00 басталады.
Ізгі ниетпен,
Ұйымдастыру комитеті
Конференциямызда кездескенше!
Педиатрия мектебінің деканы м.ғ.д. Р.Р. Айпов
Қосымша 1
Тезистерді рәсімдеу талаптары:
- Көлемі 800 сөзге дейін
- Microsoft Word 2003 және одан жоғары
- Бет параметрлері: үстіңгі жиек – 2 см, астыңғы жиек – 2 см, сол жиек – 2 см, оң жиек – 2 см
- Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman; шрифт өлшемі – 12pt
- Жол аралығы: бірлік; абзацтық шегініс – 1 см; кітап беті; колонтитулсыз және бет нөмірлерінсіз; мәтін толық теңестірілген
- Тезистер графиктерді, кестелерді, суреттерді немесе фотосуреттерді қамтымауы тиіс
- Тезистермен бірге файлда авторлар туралы мәліметтер (қатысу өтініші) болуы керек; файлды фамилияңызбен атаңыз.
Конференция ұйымдастыру комитеті негізгі бағыттардан тыс жарияланған баяндамаларды және жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейтін тезистерді қабылдамау құқығын сақтайды. Мәтін стилистикалық және техникалық тұрғыдан өңделуі тиіс. Ұйымдастыру комитеті тезистердің мәтінін өңдеуді жоспарламайды. Бір адам екі баяндамада автор немесе соавтор бола алмайды.
Көрсетілген мерзімнен кейін ұйымдастыру комитетіне түскен өтініштер қарастырылмайды.
Қосымша 2
Конференцияға қатысушының тіркеу нысаны
«Young Pediatric Researcher -2024»
Қатысушының Тегі, Аты, Әкесінің аты | |
Жоғары оқу орнының, ғылыми орталықтың, медициналық ұйымның атауы | |
o Студент
o Интерн o Резидент (Қажеттісін белгілеу) Курс пен мамандықты көрсету |
|
Баяндаманың атауы | |
Ғылыми жетекші | |
Байланыс телефоны, E-mail |