Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Директорлар кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы анықталды:
- Сұлтанғазиев Тимур Сламжанұлы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі
- Шоранов Марат Едігеұлы – коммерциялық емес акционерлік қоғам «Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің» Басқарма төрағасы – Ректоры
- Садыков Болат Нұрмұрзаұлы – тәуелсіз директор
- Дерновой Анатолий Григорьевич – тәуелсіз директор
- Локшин Вячеслав Нотанович – тәуелсіз директор
- Иванова Анна Олеговна – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің басқарма басшысы.
Директорлар кеңесінің төрағасы Садыков Болат Нұрмұрзаұлы сайланды – Медицина ғылымдарының докторы, Ресей медициналық-техникалық ғылымдар академиясының академигі, 1980 жылғы Алматы мемлекеттік медицина институтының түлегі.