«Поэзия әлемінің жарық жұлдызы» атты әдеби кеш
14 қараша күні «Фармация» мектебінің Химия кафедрасында қазақ әдебиетінің алыбы, ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал-серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған «Поэзия әлемінің жарық жұлдызы» атты әдеби кеш. Өткізілген кездесу кеші қазақ әдебиетінің классигі болған Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын насихаттауға, оның әдеби мұрасына арналған қоғамдық қызығушылықты арттыруға бағытталған. Бұл кештің басты мақсаты – Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық мұрасын жаңаша көзқараспен қарастыру, оның қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау және жастарды әдебиетпен жақынырақ таныстыру.
Әдеби кеш сайыс форматында өткізілді.
І кезең – «С. Сейфуллиннің өмір жолдары» (Жазушының өмірі бойынша видеоролик). Студенттер Сәкен Сейфуллиннің өмірі, отбасысы, шығармашылығы, қоғамдық істерге, атап айтқанда, қазақ халқының көзін ашуда атқарған қызметтері жайлы видеоролик жасап, қорғады. Топтар арасында ЖМ24-014 тобының өз үйі мен туған жерінен, мұражайдан алдырған арнайы мәліметтерімен жасаған видеоролик жоғары бағаға ие болды.
ІІ кезең – «Сәкен – сыршыл ақын» (жазушының өмірі, шығармашылығы бойынша сұрақтар). Бұл кезеңде студенттер Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы байланысты сұрақтарға жауап берді.
«Сәкен шығармаларынан көркемсөз оқу» деп аталатын ІІІ кезеңде студенттер ақынның шығармаларын жатқа мәнерлеп оқыды.
Сайыс соңында студенттерге естелік сыйлықтар табысталды.
Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеші оның әдеби мұрасын кеңінен таныстыруға, шығармашылығын бағалауға және жастарды әдебиетпен таныстыруға арналған маңызды шара болып табылады. Бұл кеш оның шығармашылығы мен қоғамдық қызметінің маңыздылығын жаңа көзқараспен қарап, әдебиетіміздің байлығын жастарға жеткізуге мүмкіндік береді.