«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ бос лауазымға орналасуға кандидаттардың ізденісін жариялайды
Бос лауазымның атауы:
- Симуляция орталығының әдіскері– 1 бірлік.
Негізгі талаптары:
- Медициналық немесе педагогикалық жоғары білімі бар болуы.
- Мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы керек
Келесі құзыреттердің болуы:
- Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген және ең көп тараған шет тілдерін кәсіби деңгейде толыққанды меңгеріп, өз қызметінде құжаттарға қолдана алатын маман;
- ресурстарды тиімді бөлу мүмкіндігі;
- шешімдерді қабылдауға және іске асыруға жауапкершілікпен қарау қабілеті;
- презентация, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары;
- өзінің эмоцияларын басқаруға мүмкіндігі болуы;
- білім және дағдыларды оқыту қабілеті.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпаратты 87273387080, ішкі 7021, 7024 телефоны арқылы алуға болады.