Отан қорғаушы күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік – ерге мұра, ұрпаққа аманат» атты мерекелік іс-шара
7 мамыр – Отан қорғаушы күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлік – ерге мұра, ұрпаққа аманат» атты мерекелік іс-шараға шақырамыз.
Іс-шара барысында ерлікке тағзым, ардагерлерге құрмет көрсету, М.Мәметова мен В.Иванилов атындағы әскери-патриоттық орталықтың ашылуы, М.Мәметова атындағы оқу залының таныстырылымы, ант қабылдау рәсімі, «Солдат ботқасы» мен патриоттық әндерден құралған концерттік бағдарлама, сондай-ақ ардагерлерге арналған арнайы концерт ұйымдастырылады.
Өтетін күні: 2025 жылғы 5 мамыр, сағат 11:00–17:00
Өтетін орны: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ — Батырлар аллеясы, Әскери кафедра, 1-оқу корпусы, Абу Али ибн Сина алаңы және «Concordia» студенттік театры
\