«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» КеАҚ бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу туралы хабарлайды:
Бос лауазымның атауы:
Стратегиялық даму және мониторинг басқармасының бас маманы – 1 бірлік.
Біліктілік талаптары
– Жоғары кәсіби білім (қаржы-экономикалық, менеджмент);
– Білім беру, ғылыми, клиникалық менеджмент немесе қаржы/экономика саласында жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл.
Келесі құзыреттердің болуы:
– даму бағдарламасының іс-шараларын, стратегиялық, операциялық жоспарларды және басқа да құжаттарды жоспарлау, мониторингілеу және есеп беру саласында тәжірибенің болғаны жөн; бизнес-процестерді жүйелеу; деректерді (ақпаратты) өңдеу және сақтау процесін білу;
– Кәсіби деңгейде мемлекеттік тілде және кең таралған шет тілдерінің бірінде сөйлеген жөн;
– Жауапкершілік, еңбекқорлық, тиімділік, күйзеліске төзімділік;
Лауазымдық міндеттер:
1) университеттің құрылымдық бөлімшелерінің есептерінде, статистикалық, талдау және зерттеу материалдарында, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер материалдарында қамтылған ақпаратты іріктеу және қорыту;
2) Басқармада жүргізіліп жатқан жұмыс бойынша ішкі талқылауларға қатысу;
3) Басқарманың және (немесе) Университеттің жоспарларын, бағдарламаларын, сондай-ақ Университет Кеңесі мүшелерінің ҚНК дайындауға қатысу.
4) Басқарманың және Университеттің есептерінің әртүрлі түрлерін, сондай-ақ Университет Кеңесі мүшелерінің ҚНК есептерін дайындауға қатысу.
5) Университет Кеңесі мүшелерінің ҚНК орындауы туралы есеп беру деректерін дайындау;
6) Басқарма құзыреті шегінде Университеттің еншілес ұйымдарының құжаттарын тексеру;
7) Басқарма қарамағындағы құпия ақпаратты, қызметтік құжаттаманы және материалдық құндылықтарды қорғау және оларға үшінші тұлғалардың рұқсатсыз кіруін болдырмау бойынша қажетті шаралар қабылдау;
8) басшының қарауына біліктілікті арттыру, талап етілетін жұмыс жағдайларын жасау бойынша ұсыныстар енгізу;
9) еңбек, атқарушылық тәртіпті, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын сақтау;
10) уәкілетті мемлекеттік органдардың ішкі, сыртқы аудиттері мен тексерістерін жүргізуге материалдар дайындау;
11) қажетті презентацияларды дайындау және рәсімдеу;
12) шығыс құжаттарды дайындау және рәсімдеу (қызметтік хаттар, өтініштер, қолдаухаттар және т. б.);
13) қажетті жабдықтар мен материалдарға өтінімдер қалыптастыру арқылы негізгі шығыс материалдарының болуын қамтамасыз ету.
14) университеттің стратегиялық даму мәселелері бойынша СМЖ, Стратегиялық маркетинг бөлімдерімен және басқа да құрылымдық бөлімшелермен тығыз қарым-қатынас орнату;
15) басқарманың ішкі құжаттарын әзірлеуге және жұмысын жетілдіруге қатысу;
16) лауазымдық құзырет шеңберінде Департамент, басқарма басшысының тапсырмасы бойынша қосымша тапсырмаларды орындау;
17) университеттің және еншілес ҒЗИ/ҒО даму бағдарламасын, бекітілген стратегиялық бағыттар мен көрсеткіштерді, жыл сайынғы даму жоспарын және ҚНК карталарын жоспарлау мен орындауды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу, стратегиялық көрсеткіштер, ҚНК карталары, даму жоспарының 4- қосымшасы бойынша ақпаратты жинау, алу және есептерді өңдеу.
Үміткерлердің түйіндемелері хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе [email protected] электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін 87273387080, ішкі. 7021, 7024