Ярославль мемлекеттік медицина университетінде шеберлік сабақтары өтті
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Ресейдің ФГБОУ ЖОО Ярославль мемлекеттік медицина университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі, ҚР ДСМ бас неврологы Туруспекова С.Т. жүзеге асырған білім беру, клиникалық және ғылыми бағыттағы Visiting professor оқыту бағдарламасы іске асырылды. Ярославльге сапар ЯГМУ ректоры, РФ Ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Хохлов А.Л.-ның шақыруымен ұйымдастырылды.
Visiting professor Туруспекова С.Т.-ның білім беру, клиникалық және ғылыми бағыттағы бағдарламасы 2025 жылғы 24–30 маусым аралығында күндізгі форматта өткізілді. Бағдарлама аясында ординаторлар, аспиранттар, оқытушылар және тәжірибелі дәрігерлер үшін дәрістер, шеберлік сыныптары, семинарлар және ғылыми-әдістемелік жұмыстар қамтылды.
С.Т. Туруспекова «Созылмалы ми ишемиясы мен деменция кезіндегі когнитивті бұзылыстар» тақырыбында дәрістер циклын оқып, практикалық сабақтар өткізді. Дәрістерде деменцияның әртүрлі түрлерін, соның ішінде Альцгеймер ауруы мен Леви денешіктері бар деменцияны ерте диагностикалау, дифференциалды диагностика, емдеу және алдын алу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар тақырып бойынша заманауи теориялық мәліметтер мен соңғы зерттеулердің нәтижелері ұсынылды.
Семинарда ДДСҰ және Альцгеймер ауруымен күрес жөніндегі халықаралық қауымдастық сарапшыларының негізгі ұсыныстары да қамтылды. Бұл ұсыныстарға сәйкес, бастапқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлері деменцияны ерте кезеңде бағалау мен ұзақмерзімді емдеу шараларында маңызды рөл атқаруы тиіс. Бұл когнитивтік функциялардың нашарлауын баяулатуға және науқастар мен олардың туыстарының өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, денсаулық сақтау жүйелері нақты диагноз қою үшін диагностикалық мүмкіндіктерге инвестиция салып, қателіктерді азайтуы қажет. Тіпті ауыр созылмалы аурулар жағдайында да ерте диагноз қою және кешенді ем тәсілдері науқастың өмір сүру ұзақтығы мен болжамын айтарлықтай жақсартады.
Visiting professor бағдарламасының нәтижелілік жобасы мыналарды қамтиды: бірлескен ғылыми жобалар жүргізу; ғылыми жарияланымдар белсенділігін арттыру; оқу-әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтарды бірлесе дайындау; халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу; студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына бірлескен жетекшілік ету; біліктілікті арттыру шараларын өткізу.
Атап айтқанда, практикалық денсаулық сақтау үшін «Балалар мен ересектердегі жүйке жүйесінің демиелинизирлеуші аурулары» циклі өткізілді. Ғылыми бағытта – «Оптиконевромиелит спектрі ауруларында когнитивтік және психоэмоционалдық бұзылыстар: эпидемиология, маркерлер» атты бірлескен жоба орындалды. Бұл жобаның нәтижелері бойынша Сауд Арабиясы, Жидда қаласында өткен Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінің 9-шы Халықаралық шашыранды склероз конгресінде бірлескен баяндама жасалып, тезистер жарияланды.
ЯГМУ басшылығы – ректор Хохлов А.Л., проректор Касаткин Д.С., жүйке аурулары, нейрохирургия және медициналық генетика курсы бар кафедра меңгерушісі Спирин Н.Н. – С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі Туруспекова С.Т.-ға екіжақты халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін ерекше алғыс білдірді.