САНОМ және Миастения гравис: мәселенің қазіргі түсінігі, клиникалық шешу жолдары
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасы С. Ж. Асфендияров университетінің 95 жылдығына және профессор С. Қ. Қайшыбаевтың 90 жылдық еске алуына арналған практикалық денсаулық сақтау үшін білім беру іс-шараларының сериясын жалғастыруда.
2025 жылғы 11 қыркүйекте Орал қаласында 2025–2027 жылдарға арналған ҚР ДСМ-нің ересек халыққа медициналық неврологиялық көмекті жетілдіру жөніндегі Жол картасын (№03324, 23.01.2025 ж.) іске асыру аясында практикалық денсаулық сақтау мамандарын каскадты оқыту әдісін жүзеге асыру шеңберінде білім беру семинары өткізілді. Іс-шара ҚР «Неврологтар қауымдастығы» ҚБ, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ДКББИ және БҚО ДСБ қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараның үйлестірушісі – Орал қ. ДСБ-ның бас штаттан тыс неврологы А. Г. Джулдугулова болды.
Реабилитациялық орталық залында дәрігерлерге арналған оқыту семинары өтті. Ол Миастения гравис диагнозын қою, емдеу және динамикалық бақылаудың өзекті мәселелеріне, балалардағы миастенияның клиникалық ерекшеліктеріне, САНОМ-ға, осы ауруларда антикомплементтік терапияның қолданылу нүктелері мен дәлелді негізіне арналды. Сондай-ақ ересек жастағы науқастардағы жұлын бұлшықет атрофиясы (ЖБА) мәселелері қозғалды. Іс-шараға ересек және балалар неврологтары, сондай-ақ Орал қаласының әртүрлі медициналық ұйымдарының жалпы тәжірибелік дәрігерлері қатысты. Семинар неврология және іргелес медициналық салалар мамандары арасында кәсіби қарым-қатынас пен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.
Сарапшылар заманауи ғылыми деректерге және өзекті клиникалық зерттеулердің нәтижелеріне негізделген баяндамалар жасады. Шақырылған лекторлардың қатарында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасының профессорлары Г. А. Мухамбетова, Р. Б. Нуржанова және кафедра меңгерушісі С. Т. Туруспекова болды.
Семинар шеңберінде ересек жастағы миастения және ЖБА бар науқастардың қимыл-қозғалыс функцияларын бағалау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Миастения және III типті жұлын бұлшықет атрофиясы бар науқастың жағдайын клиникалық және праклиникалық деректерді талдай отырып, бірлескен клиникалық бағалау жүргізілді. Бұл ұсынылған материалды тереңірек түсінуге ықпал етті.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушылар мен сарапшыларға сирек кездесетін үдемелі аурулардың өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігі үшін, медициналық қауымдастықтың хабардар болу деңгейін арттыруға және кәсіби құзыреттілікті дамытуға деген қызығушылықтары үшін алғыс білдіреді.