«Фармацевтика саласының тарихы және қазіргі жағдайы» тақырыбына кураторлық сағат
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2-курс студенттерімен «Фармацевтика саласының тарихы және қазіргі жағдайы» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Іс-шараға ТФП24-007, ТФП24-008, ТФП24-023р және ТФП24-024р топтарының студенттері қатысты.
Кураторлар фармацевтика саласын дамыту еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің өмірлік маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын және болашақ мамандардан жоғары кәсіби жауапкершілікті талап ететінін атап өтті. Кураторлық сағатта студенттер фармацевтиканың тарихымен, қазіргі тенденцияларымен, отандық фармацевтикалық компаниялардың жетістіктерімен танысты.
Қатысушылар Қазақстандағы фармацевтика ғылымының даму перспективалары туралы сұрақтар қойып, қоғамдағы фармацевтердің рөлі және халық денсаулығы үшін жоғары сапалы дәрілік заттардың маңыздылығы туралы өз пікірлерімен бөлісіп, пікірталасқа белсенді қатысты. Студенттер дәрі-дәрмек өндірісіндегі инновациялық технологияларға қызығушылық танытып, таңдаған саласында кәсіби өсу мен жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
Кураторлар:
- Ашимхан Н.С.
- Мурзагалиева М.Г.
- Көркембай Ж.
Топтар: ТФП24-007, ТФП24-008, ТФП24-023р, ТФП24-024р (2 курс).