ҚазҰМУ профессорлық-оқытушылық құрамының бос лауазымдарын алмастыру конкурсын жариялайды
Ұйымның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050020, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94.
Бос лауазымның атауы: Сот медицинасы курсымен патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі– 1,0 бірлік.
Кафедра меңгерушісінің болжамды еңбекақысы: лауазымдық жалақысы 577 800 теңгеден бастап.
Кафедра меңгерушісінің лауазымдық міндеттерінің қысқаша сипаттамасы:
– Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
– Ғылыми және оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу мен жетілдіру жұмысын ұйымдастырады;
– Кафедрада оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие, өндірістік жұмыс пен студенттердің тәжірибесін басқаруды жүзеге асырады;
– Оқытудағы инновациялық технологияларды енгізуді, техникалық құралдарды қолдануды, кураторлардың тәрбие жұмысын, кафедра жұмыстарының жоспарларын, оқытушылардың жеке жоспарларын, пәндердің жұмыс бағдарламаларын, профессор-оқытушылар құрамының оқу және әдістемелік жүктемелерін, дәрістер, зертханалық, практикалық сабақтар, семинарлар мен оқу, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибелердің өткізілуін бақылайды;
– Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмысының перспективалық жоспарлануын, ғылыми-әдістемелік кеңестерді, семинарлар мен ашық сабақтарды өткізуді ұйымдастырады;
– Профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруды, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;
– Кафедра отырыстарына төрағалық етеді;
– Кафедра қызметкерлерінің оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарын жариялауға ұсынады;
– Университет басшылығына кафедра жұмысы туралы белгіленген мерзімде есеп береді;
– Студентке бағдарланған оқыту мен бағалау принциптерін ескере отырып, барлық түрдегі оқу сабақтарын ұйымдастырады және өткізеді; оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдар әзірлейді; білім, ғылым және инновация интеграциясын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеудің жаңа бағыттарын айқындайды; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің заманауи парадигмаларының өзекті идеялары мен инновацияларын практикаға енгізеді;
– Ғылыми зерттеулер жүргізеді: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстарды (соның ішінде пәнаралық, халықаралық, әрі нәтижелерін коммерцияландыруды) бастамашылдықпен жүзеге асырады және басшылық жасайды; ғылыми мектеп ұйымдастырады және дамытады; ғылыми нәтижелілікті және жарияланымдық белсенділікті арттырады; ұлттық және халықаралық деректер базасымен жұмыс жасайды; ғылыми жобаларды басқаруда және кеңес беруде зерттеулердің сапасын қамтамасыз етеді;
– Әдістемелік комиссиялар мен кеңестер құрамында ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады және қатысады; әдістемелік қамтамасыз етуді бақылайды; инновациялық ғылыми-әдістемелік өнімдерді әзірлейді және қолданады; іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді; ғылыми-зерттеу мектептерін қалыптастырады және дамытады;
– Университеттің саясаттары мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасы мен ұйымдық мәдениетті қолдайды және дамытады; студенттердің азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыруға ықпал етеді; академиялық адалдық пен әділдік қағидаттарын сақтайды; студенттерде таңдалған мамандыққа тұрақты қызығушылықты қалыптастырады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаттарын ұстанады;
– Студенттермен кәсіби-педагогикалық коммуникацияны қамтамасыз етеді; әріптестерімен және басқа ұйым қызметкерлерімен іскерлік әрі сындарлы қарым-қатынас орнатады; академиялық сапаны қамтамасыз ету жөніндегі алқалық органдарда жұмыс істейді; студенттерді жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тартады; жұмыс берушілерді мамандар даярлау үдерісіне жұмылдырады; салалық қызметкерлерге арналған біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлейді және енгізеді; әртүрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялайды.
Кафедра меңгерушісі біліктілікке қойылатын талаптар:
1) кафедра бейіні бойынша жоғары білімнің болуы;
2) ғылым докторы/кандидаты/PhD докторы дәрежесінің және ғылыми атағының болуы;
3) білім беру/денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымында 3 жыл немесе мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
4) оқытылатын пәндер бейініне сәйкес соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы сертификаттың (куәліктің) болуы және клиникалық кафедралар үшін – кафедрада оқытылатын пәндер бейіні бойынша маман сертификатының қосымша болуы (жеке тұлғаға нақты бір пән бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін белгіленген үлгідегі құжат);
5) соңғы 3 жылдың ішінде білім беруде менеджмент бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (кемінде 36 сағат көлемінде);
6) соңғы 3 жылдың ішінде педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (кемінде 36 сағат көлемінде);
7) ағылшын тілінде оқытатын топтарда сабақ жүргізу үшін ағылшын тілін меңгергені және TOEFL – 525, IELTS – 5,5, ҰТО -75 деңгейінен төмен емес деңгейде TOEFL, IELTS немесе Ұлттық тестілеу орталығының сертификаты немесе шетелдік жоғары оқу орнының ағылшын тіліндегі білімі туралы дипломы болғаны жөн.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі (сыртқы қабылдау):
1. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде фотосуреті бар түйіндеме;
2. ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады (көшірме);
3. ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін – ҚР-дағы тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
4. Білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби даярлығы, ғылыми дәрежелері мен ғылыми атақтарының бар екендігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
5. Психо-, нарко-диспансерлерден есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
6. №075/у нысанындағы медициналық анықтама, флюорография;
7. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы жөніндегі анықтама;
8. Сотталғандығының бар-жоғы туралы анықтама;
9. Соңғы 3 жылда педагогикалық құзыреттіліктер бойынша (кемінде 36 сағат) біліктілікті арттыру туралы сертификат;
10. Оқыту пәндерінің бейіні бойынша соңғы 3 жылда (кемінде 72 сағат) біліктілікті арттыру туралы сертификат (куәлік), ал клиникалық кафедралар үшін қосымша – кафедрада оқытылатын пәндердің бейіні бойынша маман сертификаты (белгіленген үлгідегі, уәкілетті мемлекеттік орган берген құжат, жеке тұлғаға нақты мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға құқық береді);
11. Соңғы 5 жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктер): сертификаттардың көшірмелері, негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстар тізімі және т.б.;
12. Кафедраны дамытудың 5 жылдық бағдарламасы бойынша презентация (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспауы тиіс). ҚазҰМУ-да жұмыс істейтін тұлғалардың конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. Басқарма Төрағасы–Ректордың атына жазылған өтініш (1-ші корпус, 104- кабинет);
2. Соңғы 5 жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктер): соңғы 3 жылдағы біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмелері, ғылыми тағылымдамалардан өткендігі туралы құжаттар және т.б., негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстар тізімі, ағылшын тілі бойынша сертификаттар және т.б.;
3. Кафедраны дамытудың 5 жылдық бағдарламасы бойынша презентация (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспауы тиіс).
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжайда жүргізіледі: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1-корпус, 104-кабинет немесе электрондық пошта арқылы:
[email protected], [email protected]
Анықтама телефондары: 8-727-338-70-80 (ішкі: 7080, 7024, 7023, 7021).