С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедра профессоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Ұйымның мекен- жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі 94,
Бос лауазымның атауы: Кафедра профессоры
1. Мейіргерлік іс кафедрасы – 0,5 бірлік;
Кафедра профессорының болжамды жалақысы: Лауазымдық жалақысы 513 600 теңгеден бастап.
Профессор лауазымының міндеттерінің қысқаша сипаттамасы:
Студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаларын ескере отырып, оқу сабақтарының барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу; білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ғылыми мектептерді дамыту үшін жаңа бағыттарды айқындау; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі заманауи парадигмалардың өзекті идеялары мен инновацияларын практикада іске асыру (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыты бойынша); әлемдік трендтерге сәйкес (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыты бойынша) білім беру процесіне педагогикалық инновацияларды енгізу.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық, оның ішінде пәнаралық, халықаралық (зерттеу нәтижелерін кейіннен коммерцияландыра отырып) жұмыстарды орындауға бастамашылық жасау, басшылық ету және/немесе қатысу; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру ортасында ғылыми мектепті ұйымдастыру және ілгерілету; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (институттар, орталықтар, кафедралар, ғылыми зертханалар) құрылымдық бірліктерінің ғылыми бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жетекшілік ету және қатысу; ғылыми нәтижелілік пен жариялау белсенділікті арттыру; ұлттық және халықаралық деректер базаларымен жұмыс істеу; ғылыми жобаларға басшылық жасау/ консультация беру кезінде зерттеулердің тиісті сапасын қамтамасыз ету, зерттеу.
Барлық деңгейдегі әдістемелік комиссиялар мен кеңестердің құрамында ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, басқару және оған қатысу; жетекшілік ететін пәндердің әдістемелік қамтамасыз етілуін бақылау; білім беру процесінде инновациялық ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлеу және қолдану; іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындау; ғылыми-зерттеу мектептерін қалыптастыру және дамыту.
Білім алушылардың азаматтық және кәсіптік белсенділігін арттыруға ықпал ету; академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаларын сақтау; білім алушылардың таңдаған кәсібіне тұрақты қызығушылығын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаларын сақтау.
Білім алушылармен кәсіптік-педагогикалық коммуникацияны қамтамасыз ету; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әріптестерімен және қызметкерлерімен іскерлік, конструктивті байланысты (оның ішінде топтық және коллаборативтік) құру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сапасына кепілдік беру жөніндегі алқалы органдарда (академиялық комитеттер) жұмыс істеу; білім алушыларды Қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту; болашақ мамандарды даярлау процесіне жұмыс берушілерді тарту; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасының кепілдігі бойынша құрылымдарда жұмыс істеу; даярлау бағыты бойынша сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу және енгізу; түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау.
Профессор лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
1) Жоғары білімнің болуы;
2) Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органы берген «профессор» ғылыми атағының, бейіні бойынша ғылым докторы/кандидаты/философия докторы (PhD) дәрежесінің болуы;
3) Ғылыми-педагогикалық қызметтің жұмыс өтілі немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл;
4) Оқытылатын пәндер бейініне сәйкес соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы сертификаттың (куәліктің) болуы және клиникалық кафедралар үшін – кафедрада оқытылатын пәндер бейіні бойынша маман сертификатының қосымша болуы (уәкілетті мемлекеттік орган берген, жеке тұлғаға нақты бір пән бойынша Медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін белгіленген үлгідегі құжат мамандықтар);
5) Соңғы 3 жылдың ішінде педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттың болуы (кемінде 36 сағат көлемінде);
6) Ағылшын тілінде оқытатын топтарда сабақ жүргізу үшін ағылшын тілін меңгергені және TOEFL – 525, IELTS – 5,5, немесе шетелдік жоғары оқу орнының ағылшын тіліндегі білімі туралы құжаты болғаны жөн.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі (сыртқы қабылдау):
1. Фотосуреті бар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;
2. ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады (көшірмесі);
3. Шетелдік азаматтар ҚР-да тұруға ықтияр хаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
4. Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Психиатрия, наркология диспансерлерінен есепте тұрмайтын туралы анықтама;
6. № 075/у «медициналық анықтама» нысаны, флюорография;
7. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
8. Соттылығының жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;
9. Соңғы 3 жылда педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификат(кемінде 36 сағат көлемінде);
10. Оқытылатын пәндер бейініне сәйкес соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттыру туралы сертификат(куәлік)
11.Соңғы бес жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктері) (сертификаттардың көшірмелері, негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі және т. б.)
12. Оқу бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы – пәнді оқыту әдістемесі (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын, регламент – 7 минутқа дейін).
ҚазҰМУ-да жұмыс істейтін адамдар үшін конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
1. Басқарма Төрағасы-ректордың атына өтініш (1 корпус, 104 кабинет)
2. Соңғы 5 жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктері): соңғы 3 жылдағы біліктілікті арттыру туралы, ғылыми тағылымдамадан өту туралы сертификаттардың көшірмелері және т. б., негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі, ағылшын тілі бойынша сертификаттар және т. б.)
3. Профессордың, қауымдастырылған профессордың, лектордың, ассистенттің бос лауазымдарына орналасуға арналған оқу бағдарламасы бойынша жобаның, ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға арналған ғылыми-зерттеу жұмысының жобасының презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын).
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша
Анықтама телефоны: 3387080 ішкі. 7080, 7024, 7023,7021, 7236