ҚазҰМУ-да Республика күні аталып өтті
Бүгін ҚазҰМУ-да Тәуелсіздік, бірлік және азаматтық жауапкершілік нышаны болып табылатын Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, сондай-ақ университеттің марапаттары табысталды. Бұл наградалар отандық денсаулық сақтау мен медициналық білім беруді дамытуға елеулі үлес қосқан профессор-оқытушылар құрамына, дәрігерлер мен қызметкерлерге берілді.
Марапаттарды университет ректоры Марат Шоранов табыс етті.
– Республика күні бізге Тәуелсіздік әр азаматтың жеке жауапкершілігі екенін еске салады. Соңғы жыл университетіміз үшін жаңғыру кезеңі болды: жаңа орталықтар ашылды, оқу корпустары мен жатақханалар, кафедралар мен аудиториялар жаңартылды, ҚазҰМУ-дың халықаралық беделі нығайды. Бұл жетістіктердің бәрі ұжымның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Әр дәрігерге, әр ұстазға, әр қызметкерге – университетті күшейтіп, еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға үлес қосқаны үшін алғысымды білдіремін, – деді ректор.
Мерекелік көңіл күй, жылы лебіздер мен ортақ жетістіктерге қуану сәті университет ұжымын тағы да біріктірді.


































































































